Категории: Без рубрики

Аса құнды туынды

«Ақбас бүркіт» спектаклі жастарды елжандылыққа тәрбиелейді

Осы алдағы сенбі яғни 16 ақпанда І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында көрнекті қаламгер, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, есімі әлемге танымал Сәбит Досановтың «Ақбас  бүркіт» деп аталатын спектаклі талғампаз жұртшылықтың назарына ұсынылады.

Оның қоюшы-режиссері Қырғызстан Республикасының белгілі өнер қайраткері Қаныбек Дүйшеналиев, қоюшы-суретшісі Маратбек Шарафидинов еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қырғызстанның суретшісі, балетмейстер Нұрлан Қарабаев.

Аталмыш драмалық туындыда қазақтың біртуар перзенті Жұмабек Тәшеновтың кешегі Кеңес Одағы кезінде Никита Хрущевқа айтқан батыл пікірлері, елжандылығы жайлы баяндалады.

Онда солтүстік аймақтардың бірқатар облыстарын Ресейге, бұрынғы Шымкент облысының бірқатар аудандарын Өзбекстанға қоспақ әрекет өткір сынға алынады.

Осы спектакльде басты кейіпкердің өз Отанының нағыз патриоты екендігі жан-жақты сөз болады.

Оразалы Жақсанов

admin

Недавние новости

Аулиекольские артисты поблагодарили земляков за поддержку

Ценным подарком в преддверии Дня благодарности стал праздничный концерт в честь сподвижников. (далее…)

2 дня назад

Қамыстылық алты әкім біліктілігін арттыруда

Өңірлерде жергілікті тұрғындар сайлаған әкімдердің 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. (далее…)

2 дня назад

150 аулиекольцев состязались за медали по лыжным гонкам

Районные зимние соревнования прошли в рамках I зимней областной спартакиады. (далее…)

3 дня назад

Мендыкаринский морг возобновил свою деятельность благодаря частному бизнесу

Все услуги, которые оказывал морг, теперь будет осуществлять индивидуальный предприниматель Владимир Крукович. (далее…)

4 дня назад

This website uses cookies.