Аса құнды туынды
«Ақбас бүркіт» спектаклі жастарды елжандылыққа тәрбиелейді
Осы алдағы сенбі яғни 16 ақпанда І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында көрнекті қаламгер, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, есімі әлемге танымал Сәбит Досановтың «Ақбас бүркіт» деп аталатын спектаклі талғампаз жұртшылықтың назарына ұсынылады.
Оның қоюшы-режиссері Қырғызстан Республикасының белгілі өнер қайраткері Қаныбек Дүйшеналиев, қоюшы-суретшісі Маратбек Шарафидинов еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қырғызстанның суретшісі, балетмейстер Нұрлан Қарабаев.
Аталмыш драмалық туындыда қазақтың біртуар перзенті Жұмабек Тәшеновтың кешегі Кеңес Одағы кезінде Никита Хрущевқа айтқан батыл пікірлері, елжандылығы жайлы баяндалады.
Онда солтүстік аймақтардың бірқатар облыстарын Ресейге, бұрынғы Шымкент облысының бірқатар аудандарын Өзбекстанға қоспақ әрекет өткір сынға алынады.
Осы спектакльде басты кейіпкердің өз Отанының нағыз патриоты екендігі жан-жақты сөз болады.
Оразалы Жақсанов
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31