Рауан Байдалы- Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі
Талантты жас ғалым Рауан Жомартұлы Байдалының есімі Қостанай өңірінің жұртшылығына жақсы таныс. Ол жоғары оқу орнын аяқтаған соң, қазіргі Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде болашақ жас мамандарға дәріс беріп, оларды білім нәрімен сусындатты.
Жастайын тарихшы болуды армандаған қазақ жігіті биыл Елордамыз Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторантурасын тәмәмдады. Өзінен үлкен үміт күткен ата-анасы мен әріптестерінің сенімін ақтады.
Ғылымның жолында аянбай әрі уақытпен санаспай еңбек етіп келе жатқан дарынды жерлесіміз жақында тағы да үлкен қуанышқа бөленді. Оған күллі ұжым ортақтасты.
Рауан Жомартұлының терең білімі, тынымсыз ізденісі ескеріліп, тарих ғылымдарының докторы, профессор, белгілі ғалым, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Еркін Аманжолұлы Әбілдің бұйрығымен аталмыш жоғары оқу орнындағы Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды.
Біз болашағы жарқын ғалымға алдағы уақытта да мықты денсаулық, отбасында шадыман-шаттық, жауапты қызметінде табыс тілейміз.
Әрқашанда асыл арманыңның биігінен көріне бер, Рауан!
Оразалы Жақсанов
Сурет ғаламтордан алынды
Об этом на брифинге сообщил директор Костанайского областного филиала АО “НК “ҚазАвтоЖол” Андрей Горват. Об…
Арендаторы передают неиспользуемые ими участки в фонд государства. (далее…)
Биылғы мереке былтырғыдан өзгерек форматта өтті (далее…)
Денисов ауданының орталығындағы балалар кітапханасында жұмыс істейтін Маргарита Николаенко есімді кітапханашы бар. Ол қазақ тілінде…
Аким района Ерлан Жаулыбаев посетил крупнейшее сельскохозяйственное предприятие ТОО «Алтынсарино», где идет подготовка к предстоящей…
This website uses cookies.