Категории: Культура

Қарымы бөлек қаламгер

Қайсар Әлімнің шығармашылығына 55 жыл

Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты, журналист, жазушы Қайсар Әлімнің шығармашылығына 55 толуына орай мерекелік кеш болып өтті.

Кештің кейіпкері Жангелдин ауданы Қызбел ауылында дүниеге келген. Талантты, қайталанбас тұлғалардың мекеніне айналған Тойғай топырағыннан жаратылған жазушының еңбегі мен дарыны барша қазақ халқының мақтанышы. Өмір бойы ғибратты ғұмыр кешіп, тек өзінің таланты мен еңбекқорлығына сеніп, талай белестерді артта қалдырып, биіктерден көріне білген жанның құрметіне халық көп жиналды.

Олардың ішінде қаламгерді сүйіп оқитын оқырмандары да жоқ емес. Кеш журналист-жазушыға арналған бейне фильммен басталды. Осынау еңбекқор да дарынды жерлесімізді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов мерейтойымен шын жүректен құттықтып, сы- сияпат көрсетті.

Журналистика факультетін тәмәмдап, еліміздегі республикалық басылым «Егемен Қазақстанның» Торғай өңіріндегі меншікті тілшісі болған жылдардың өзінде халыққа етене танылған ел ағасының бүгінде шығармашылығы көпшіліктің көкейінде сақталған.

Қаламгердің  қаламыздағы облыстық «Қостанай таңында» да қызмет еткен кездері көпшіліктің есінде болса керек.

Қайсар Әлімнің «Махаббат жыршысы», «Кәусар», «Қажылық сапардан қайтқан соң жазған «Мекке, Мәдинам менің» деп аталатын туындылары барша қазақ елінің жүрегін орын алды десем қателеспеген болармын.

Қарапайым да байсалды жанның өмірге деген көз қарасы ерекше. Жазушының Торғай жеріндей кең пейілі кімнің болсын көңілін жаулап алады. Оның жазбаларынан кең байтақ даланы, жайқалған қызғалдақты, қазақтың дархан көңілін байқауға болады.

Осындай тағылымды кеште І.Омаров атындағы қазақ драма театрының әртістері «Қызбелді сүю бір бақыт» деп аталатын туындыны сахналап, көркем сөзбен керемет шеберлікпен халыққа паш етті.

Өзінің туған жерін шексіз сүйетін жазушының жүрегін елжіреткен де осы қойылым болды. Аталмыш филармония әртістері де әуелете ән шырқап, күмбірлете күй шертті.

Демалыс күннің бірінде осындай керемет кешке жиналған қауымның жандүниесі рухани байып, көңілдері бір серпіліп, қайраткерге өздерінің жүрек жарды ақ тілектерін білдірді.

Алақанына салып әлдилейтін жанашыр оқырманы бар жерде жазушының қаламы ұшталып, тың шабытпен қанаттана түсетіні белгілі.

Қаламыңыз мұқалмасын, ел мақтынышына айналған Қайсар аға!

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Суретті түсірген Бағдад АХМЕТБЕКОВ

admin

Недавние новости

Аким Камыстинского сельского округа ответил на вопросы местных жителей

15 ноября в районном Доме культуры состоялась встреча акима Камыстинского сельского округа Бейбита Мендаулетова с…

3 дня назад

Жительнице Карабалыка с редким диагнозом провели операцию в Костанайской облбольнице

Мария Мазанко из Карабалыка победила редкое заболевание благодаря квалифицированной помощи врачей Костанайской областной больницы, сообщили…

3 дня назад

Житель Федоровского района, давший взятку полицейскому против его воли, может сесть в тюрьму на срок до 5 лет

Мужчина после отказа стража порядка брать деньги положил в полку на приборной панели патрульной машины…

3 дня назад

В акимате Аулиекольского района прокомментировали ситуацию по ремонту подъездной дороги к Кушмуруну

Автолюбители высказывают недовольства из-за незавершенного ремонта дорожного полотна (далее…)

3 дня назад

Қарабатырға Моңғолиядан үш отбасы көшіп келді

Былтыр Қамыстының Қарабатыр ауылына бүтіндей бес отбасы көшіп келді. Биыл Моңғолия елінің Бай-Өлке аймағының Сақсай…

3 дня назад

This website uses cookies.