Қараусыз қалған ғимарат спорт кешеніне айналмақ

Арқалықта қараусыз қалған бұрынғы «Қазақстан» кинотеатры әйелдер спорттық-сауықтыру кешеніне айналады. Нысан 90-шы жалдардан бастап бос қалып, жөндеуді қажет етті.

Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов қалаға жұмыс сапарымен келген өңір басшысы Құмар Ақсақаловты бұрынғы «Қазақстан» кинотеатрын қайта жаңарту жоспары туралы хабардар етті. Ғимарат қазір коммуналдық меншікте. Келешекте мұнда әйелдер сауықтыру кешенін салу жоспарлануда.

Екі қабатты кинотеатр ғимаратының өзі 1975 жылы пайдалануға берілген. 90-шы жылдары кинотеатр жұмысын тоқтатты. Кейін жекенің меншігіне өткен.
Жоспар бойынша ғимараттың бірінші қабатында волейбол және баскетбол алаңына, үстел теннисіне, буфетке және бірқатар тұрмыстық бөлмелерге арналған залдар салынады деп күтілуде. Екінші қабатта әйелдерге арналған фитнес-зал болады.

Ауданы мың шаршы метрден асатын ғимаратты қайта құру үшін жобалық-құндық құжаттамасы әзірлеуге 7 миллион теңге бөлінді. Жақын арада байқау  жарияланбақ

Шұға ҚОҢҚАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 8