Қарасулық жастар пауэрлифтингтен республикалық чемпионатқа жолдама алды

Жастар мен жасөспірімдер арасында классикалық пауэрлифтингтен өткен Қостанай облыстық чемпионатында Қарасу құрамасының 9 спортшысы жүлдегер атанды.

Соның ішінде 1 және 2-орын алған спортшыларымыз алдағы 1­9 сәуірде Ақсай қаласында өтетін  пауэрлифтингтен ҚР чемпионатына қатысып, Қостанай облысының намысын қорғайды. Облыстық турнирге Қарасу құрамасының сапында 13 спортшы жарысқа қатысты. Соның төртеуі ғана жүлделі орынға іліге алмады. Бірақ, үздік алтылықтың қатарынан табылды. Қалған тоғызы жеңімпаз.

­ «Чемпионат жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өту керек. Спортшыларымыз жарысқа жоғары дайындықпен барды. Сын сағатта өте жақсы өнер көрсетіп, тапсырманы сапалы орындады. Соның арқасында тамаша нәтижеге қол жеткіздік. Қарасулық спортшыларға мол сенім артамыз. Ақсай қаласында болатын ел чемпионатында облыс құрамасын алға сүйреп, бұдан да зор нәтиже көрсетуіне тілекшіміз. Негізінде, біз алдын ала жоспарлап, алдымызға меже қоямыз. Сол межеге жету үшін еңбектеніп, әрекет етіп, тырысамыз. Спортшыларымыздың қазіргі жетістігі сол еңбектің, үздіксіз дайындықтың арқасы»,- ­деді команданың жаттықтырушысы Батырхан Ермағамбетов.

Облыстық чемпионаттың қорытындысында Амирхан Байжанов пен Аслан Кужантаев «Спорт шеберіне үміткер» нормативін орындады.

Қыздар арасында:

Елизавета Сардиванова 43 кг салмақ дәрежесіне дейін өнер көрсетіп – 1 орын;

Дарина Мосиенко  47 кг салмақ дәрежесінде – 1 орын;

Мадина Закирова 57 кг салмақ дәрежесінде – 2 орын;

Мадина Кобекова 69 кг салмақ дәрежесінде – 3 орын алды. Жалпы қыздар арасында Елизавета Сардиванова 3­ – орынға ие болды.

Жігіттер арасында:

Амирхан Байжанов 59 кг салмақ дәрежесінде – 1 орын

Павел Белов 59 кг салма дәрежесінде – 2 орын

Евгений Мелентьев 66 кг салмақ дәрежесінде – 1 орын

Данил Колохов 66 кг салмақ дәрежесінде – 2 орын

Аслан Кужантаев 74 кг салмақ дәрежесінде – 2 орын алды. Жалпы жасөспірімдер арасында  Евгений Мелентьев 1 орын, Аслан Кужантаев 3 орынға ие болды.  Осы арада бірінші және екінші орындарға ие болған спортшылар ҚР Чемпионатына автоматты жүрде жолдама алғанын еске саламыз.

Спорттың пауэрлифтинг түрі бойынша астықты аймақта Қостанай, Рудный қалалары мен Қарасу ауданынан ең мықты спортшылар шығып жүр. Байрақты бәсекеде қарасулық пауэрлифтингшілер облыс намысын қорғап, жоғары нәтижеге қол жеткізеді деген үміттеміз.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суретті жолдаған Қарасу құрамасының жаттықтырушысы Батырхан Ермағамбетов.

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Арқалықта әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдық жобалар қарқынды

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Арқалық қаласына жасаған жұмыс сапарында қаладағы бірнеше маңызды құрылыс жобаларының…

3 часа назад

Власти области заверяют, что паводковая ситуация в регионе под контролем

Большая часть первых руководителей области, которые отвечают за безопасное прохождение паводка, в эти часы находится…

3 часа назад

Взрывные работы на реке провели в Аулиекольском районе

Противопаводковые мероприятия осуществлены в селе Коктал. (далее…)

5 часов назад

Среднемесячная зарплата жителей Костанайской области составила 341 048 тенге

В конце 2024 года этот показатель составлял 333 046 тенге, а значит, вырос на 2,5…

6 часов назад

Сахналық жекпе-жек байқауына Өлеңді ауылдық клубы қатысты

Күні кеше Тобыл қаласында «Алтын дән» мәдениет үйінде Наурыз мерекесіне орай «Сахналық жекпе-жек» өнер байқауы…

9 часов назад

This website uses cookies.