Қарасу ауданының орталығында спорт кешені салынып жатыр. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 76%і орындалған. Жоба құны 391 млн теңге.
Спорт кешенінде ішкі жөндеу және электр жарығына қатысты жұмыстар аяқталуға таяды. Қазіргі уақытта іріліұсақты ішкі жұмыстары ғана қалып отыр. Аудан әкімі Қайрат Оспанов аталмыш нысанда болып, құрылыстың қарқынымен танысты.
Мердігермен бірге жүргізіліп жатқан жұмыстардың жайкүйін талқыладық. Нысанға желдеткіш, электр желілерін тарту жұмыстары жүруде. Құрылыс жоспарға сәйкес атқарылуда. Спорт кешенін мерзімінен кешіктірмей іске қосып, ауыл халқының игілігіне пайдалануға беруіміз керек, деді аудан басшысы Қайрат Темірханұлы.
Аталған спорт кешені аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша салынуда. Нысан жобасының авторы «Виктория 2007» ЖШС. Мердігері «ЭксклюзивСтрой» ЖШС. Кешеннің жалпы аумағы 1 994,9 м2 құрайды.
Құрылысты биылғы жылдың тамыз айында аяқтау белгіленген болатын. Қазіргі таңда жоспарлы жұмыстар тиісті уақытында жүріп жатыр. Участок басшысы Тимур Жаңабаевтың айтуынша, мердігер ұйым құрылыс аумағына 117 қада қағып, екінші қабаттың плиталарын құйды. Қиыршық тас төсеп, ғимараттың еденін, терезелерін орнатты. Сондайақ жылыту және электр желілерін орнату жұмыстары жүруде. Аталған жұмыстар аяқталған соң спорт кешені салтанатты түрде ашылмақ.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Район находится в зоне рискованного земледелия, и температурный режим там всегда на порядок ниже, чем…
Сделано это для поддержки отечественных товаропроизводителей. Об этом сообщает "Наш Костанай" (далее…)
6 апреля завершился чемпионат Костанайской области по волейболу среди женщин, в котором приняли участие 13…
Новая система FACE ID предотвращает попадание в учреждение образования посторонних лиц, тем самым обеспечивая безопасность…
Из-за теплой погоды активность клещей в этом году началась раньше, чем в прошлом. Об этом…
Подрядчик, выигравший тендер на строительство объекта, сейчас судится с отделом ЖКХ. Об этом сообщает "ТоболИнфо"…
This website uses cookies.