Қарасу ауданының орталығында спорт кешені салынып жатыр. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының  76%­і орындалған. Жоба құны 391 млн теңге.

Спорт кешенінде ішкі жөндеу және электр жарығына қатысты жұмыстар аяқталуға таяды. Қазіргі уақытта ірілі­ұсақты ішкі жұмыстары ғана қалып отыр. Аудан әкімі Қайрат Оспанов аталмыш нысанда болып, құрылыстың қарқынымен танысты.

­ Мердігермен бірге жүргізіліп жатқан жұмыстардың жай­күйін талқыладық. Нысанға желдеткіш, электр желілерін тарту жұмыстары жүруде. Құрылыс жоспарға сәйкес атқарылуда. Спорт кешенін мерзімінен кешіктірмей іске қосып, ауыл халқының игілігіне пайдалануға беруіміз керек, ­ деді аудан басшысы Қайрат Темірханұлы.

Аталған спорт кешені аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша салынуда. Нысан жобасының авторы «Виктория  2007» ЖШС. Мердігері «ЭксклюзивСтрой» ЖШС. Кешеннің жалпы аумағы 1 994,9 м2 құрайды. Сыйымдылығы қырық төрт адамға дейін қабылдауға қауқарлы. Құрылысты биылғы жылдың тамыз айында аяқтау белгіленген болатын. Қазіргі таңда жоспарлы жұмыстар тиісті уақытында жүріп жатыр. Участок басшысы Тимур Жаңабаевтың айтуынша, мердігер ұйым құрылыс аумағына 117 қада қағып, екінші қабаттың плиталарын құйды. Қиыршық тас төсеп, ғимараттың еденін, терезелерін орнатты. Сондай­ақ жылыту және электр желілерін орнату жұмыстары жүруде. Аталған жұмыстар аяқталған соң спорт кешені салтанатты түрде ашылмақ.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Чтобы набрать березовый сок в Костанайской области, необходим лесной билет

Об этом сообщил и. о. заместителя руководителя КГУ «Пригородное учреждение лесного хозяйства» управления природных ресурсов…

1 час назад

Камыстинка Виталина Казаку стала бронзовой призеркой чемпионата Казахстана по вольной борьбе

⠀Сильнейшие борцы соревновались с 9 по11 апреля 2025 года в г. Караганде. В составе сборной…

19 часов назад

Хобби Айгуль Мейрамова: «Шью, потому что люблю красоту…»

В Пресногорьковке, старинном казачьем селе Узункольского района, на центральной площади шумел люд на праздничном Наурызе!…

20 часов назад

Алибек Баймагамбетов из села Караменды Наурзумского района верен профессии электрика уже 20 лет

По его словам Алибека Сейлханулы, она дает стабильность, неплохой доход и возможность чувствовать себя востребованным.…

1 день назад

Психолог и юрист ответили на вопросы пробационщиков Костанайского района

Специалисты также определяли тип личности граждан, находящихся на пробации (далее…)

2 дня назад

This website uses cookies.