Қарасу ауданының тұрғыны 2,5 кг марихуананы үйінде сақтаған
Оқиға биылғы жылдың қаңтар айында белгілі болды.
Қарасу ауданының қылмыстық полиция қызметкерлері күдіктінің үйін тінту кезінде өсімдік тектес есірткі тапты. Жергілікті тұрғын аталған заттарды 4 пакет пен қорапқа жасырған.
Қостанай облысы Полиция департаменті инстаграмдағы ресми парақшасында таратқан ақпаратқа сәйкес, сараптама алынған заттардың марихуана екені расталды. Олардың жалпы салмағы 2,5 кг екені де белгілі болды. Полицейлердің айтуынша, бұл өте үлкен көлем.
Есірткіні өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау фактісі бойынша күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сот ер адамды кінәлі деп тауып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Сурет Қостанай облысы Полиция департаментінің инстаграмдағы парақшасынан алынды.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31