Қарасу ауданында мемлекеттік тілді насихаттауға арналған форум өтті

Іс­шара «Ана тілім ­ ардағым» деп аталады. Онда қазақ тілін дамыту мақсатында жасалып жатқан жұмыстар сөз болды.

«Ана тілім ­ ардағым» жобасы Қарасу аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік­әлеуметтік тапсырысы аясында биыл алғаш рет жүзеге асырылды. Тапсырысты орындаушы «Жастар-Азаматтық бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігі.

Форумға «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының мамандары, облыс орталығынан келген бір топ делегат, Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері, ардагерлер мен кітапханашылар қатысты. Форумның бірінші бөлімінде мемлекеттік тіл саласының мамандарына арналған семинар болды. «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының басшысы Тоты Айтмағанбетова, Қостанай өңірлік университетінің филология және практикалық лингвистика кафедрасының доценті Гүлжанат Жүрсіналина, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының төрағасы Заңғар Санай, «Тілдарын» орталығының оқытушысы Базаркүл Ахметжанова, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айгүл Тасболатова мінберге шығып сөз сөйлеп, ана тіліміздің қазіргі ахуалы төңірегінде әңгіме өрбітті.

­ Мұндай жоба Қарасу топырағында тұңғыш рет қолға алынып отыр Мақсатымыз ауданында мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау, қазақ тілінде сөйлейтін өзге этнос өкілдерін үлгі ету. Биылғы жыл басталғалы бері аудан көлемінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында көптеген іс­шаралар өткіздік. Оған аудан жастары, мекеме қызметкерлері белсенділік танытып, ұйымшылдықпен қатыса білді. Ана тілімізге деген құрмет бұдан әрі ұлғая беретініне сенім мол. Жыл бойы жүзеге асқан іс­шаралардың қорытындысы ретінде осы форумды ұйымдастырып отырмыз,­деді жоба жетекшісі Амангелді Ахметжанов.

Іс­шараның екінші бөлімі, пленарлық отырысқа аудан әкімі Қайрат Оспанов қатысып, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосып жүрген бірқатар жерлестерімізді марапаттады. Іс­шара мәдениет үйінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Қымбат ДОСЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 9