Қарамеңділік спортшы Қазақстан Республикасы чемпионатында бақ сынауда

2022 жылдың 26 маусым мен 1 шілде аралығында Қарағанды қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасы чемпионаты өтіп жатыр

Осы чемпионатқа біздің жерлесіміз Эмма Тисина қатысып бақ сынады. Эмма еркін және әйелдер күресімен 2007 жылдан бері айналысып келеді. Мектеп жасынан талай рет аудандық, облыстық, республикалық додалардың жеңімпазы болып, аудан намысын қорғап келді. Алғашқы жаттықтырушысы Серік Байділдинов болды. 2010 жылы Алматы қаласындағы «Шаңырақ» спорт интернатына оқуға түссе, осы аталған «Шаңырақ» Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі 2013-2016 жылдары оқып, кейін Алматыдағы спорт академиясына оқып 2018 жылы бітірді. Қазіргі таңда Эмма Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасының мүшесі. Жерлесіміз ҚР бірнеше дүркін чемпионы. Бүгінгі жарыста жерлесіміз тағы да өзінің чемпиондық дәрежесін дәлелдеді, финалдық кездесуде қостанайлық Лаура Әлмағанбетовамен күресіп 6:4 есебімен жеңіске жетіп, 57 кг салмақта ҚР чемпионатының жеңімпазы атанды.

Осы орайда біз Эмманың алғашқы жаттықтырушысы Серік Қажиұлына қоңырау шалып, шәкіртінің бүгінгі жеңісімен құттықтап, пікірін білген едік. Қазақ атамыз айтқан ғой «Баласы атқа шапқанда ата-анасы тақымын қысып отырады» деп тікелей эфир барысында отбасымызбен бірге қарап, тақымымды қысып, жанашыр болып отырдық. Басында бірінші айналымда 2:0 есебімен жеңіліп жатқанда орнымда отыра алмадым, содан есепті теңестірдігендей болды. Соңғы 25 секунд қалғанда Лаура тағыда әдіс жасап 2:4 есебімен алдыға шықты. Бірақ Эммаға деген сондай бір сенімді жоғалтпайтының сездім, жарыстың бітуіне 8 секунд қалғанда шәкіртім 4 ұпайлық әдісті жасап алдыға шықтыда есепті 6:4 қылды. Финалдың аяқталуына 3 секунд қалғанда Эмма тағыда өзінің мықтылығын көрсетіп, еліміздің чемпионы аттанды. Көзден жас кетті бірақ, бұл жас жеңістің жасы еді. Осы Сербияда өтетін Әлем чемпионатында жақсы результат көрсетсе екен деймін – деді алғашқы жаттықтырушысы Серік Байділдинов.
Сонымен қатар Эммағада хабарласып, бүгінгі жеңісімен құттықтап жарыс жайлы сұрап білген едім.

– Бүгінгі жарысқа жақсы дайындалдым. Жеңіске деген сенімділігім жоғары болды. Финалдық кездесуде былай айтқанда жерлесіммен кездестім. Оныңда жеңгісі келіп, чемпион болғысы келетенін сездім. Басында қатты күресе қоймадым. Лаураның менен басым болып келе жатқаның байқадым, расын айтсам уақытқада қарамадым соңғы 13 секунд қалғанда тек қимылдай бастадым. Себебі білдім соңғы секнуд болсады 4 ұпайлық әдіс жасап жеңіске жететінімді және жеңдім. Осы орайда сіздердің газеттеріңіз арқылы алғашқы ұстазым, жаттықтырушым Серік Қажиұлына алғыс айтқым келеді. Өйткені осыдан 12 жыл бұрын мені өзі жетектеп, ешкімім жоқ, үлкен қалаға спорт –интернатына оқуға түсіріп, 3 күн бойы менің қасымда болып, қолдау білдірді. Сол кезде ұстазым ойласа керек мені шыдамай ауылға қайтып кеткісі келет деп. Мен өзіме деген сенімділікпен, қолымнан келетінің біліп оқуда қалдым. Қандай да жарыс болмасын қашанда ұстазыммен телефон арқылы ақыл-кеңес сұрап, жеңістерімді айтып, фото жіберіп тұрамын. Бүгінгі жеңіске жетуіме де ұстазымның үлесі зор. Аудандық газет ұжымына қоңырау шалып құттықтағандарыңызға. Ел сенімін Әлем чемпионатында ақтаймын деген ойдамын, – дейді ол.

Бұл жарыста Тисина Эмма Әлем чемпионатына жолдама алды. Әлем чемпионаты 2022 жылдың 10-18 қыркүйек аралығында Сербияның Белгород қаласында өтеді. Бұл жарыста Эмма биік шыңдарды бағындыруына тілектеспіз. Қарамендіден шыққан нәзік қыз, Қазақстан Республикасының чемпионы атанды, енді Әлем чемпионатын бағындырады деген сенімдеміз.

Жибек НУРСЕИТОВА

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Три часа ответов на более 100 вопросов – в таком режиме прошло общение акима Костанайской области с журналистами

Отчеты  акимов областей  о социально-экономическом развитии за прошедший год - это своеобразные  итоги года, которые…

4 часа назад

Новое заведение общепита уровня ресторана появилось в Аулиеколе

Уютное кафе-столовая открылось в рамках господдержки предпринимательства (далее…)

4 часа назад

Журналиста Максима Сушко признали невиновным по делу о клевете в адрес акима п. Октябрьский

Дело прекращено за отсутствием состава правонарушения, сообщает "ТоболИнфо" (далее…)

3 дня назад

This website uses cookies.