
Қарамеңділік ата-аналар мен оқушылар наурыз мерекесін тойлады
Наурыз – жаңа күннің бастауы. Табиғаттың жаңарып, тіршіліктің жанданып, ниеттің тазарып, жақсылықтың, ізгіліктің оянатын шағы.
Бүгін Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сыныптарында «Қош келдің, әз-Наурыз» тақырыбында наурыз мерекесі тойланды. Ата-аналарының ұйымдастыруымен өткен іс-шара өте керемет өтті. Мектеп пен ата-ана, оқушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас осы іс-шара арқылы нығая түсті десек болады. Ата-аналардың ұйымдастыруымен оқушыларға ұлттық салт-дәстүріміз насихатталды. Наурыз мейрамы аясында Зульфия атты кішкентай ханшайымның тұсауы кесілді. Тұсау кесу рәсімін 30 жыл бойы оқушыларға білім нәрін сусындатып жүрген Кәмшат апайымыз кесті. Кішкентай аруымыз болашақта мықты домбырашы болады деген ниетпен домбыра таңдады. Оқушыларға тұсаукесер туралы түсіндіріп берді. Келген аналарымыз бен ақжаулықты әжелеріміз оқушыларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық ойындарымызды айтып беріп отырды. Балаларды ықыласпен тыңдап отырды.
– Бүгінгі іс-шараны ұйымдастырған ата-аналарыма алғысым шексіз! Сондай риза болдым. Ата-аналар сондай ауызбіршілікпен жасағандары сезілді. Балаларға керемет дастархан дайындаған. Негізі осындай бірлік, татулық, сыйластық бар жерде барлығы тез өтеді. Сондай рухани іс-шара болды,- дейді 1 “А” сыныбының жетекшісі Кәмшат Кенжебаева.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей. Мектепте өткен наурыз мейрамы жақсы деңгейде ұйымдастырылды. Наурыз мейрамы әр шаңыраққа құт береке әкелсін!
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31