Іргетасы 1955 жылы қаланған Қарабатыр ауылының бүгінгі тыныс-тіршілігі кімді болмасын қызықтырары анық.
Бастапқыда Ақсу, кейін Ворошилов, бүгінде Қарабатыр деп аталады. Аты аңызға айналған Қарабатыр десе, осы серіктестіктің негізін қалаған Жәзит Құдайқұлдың есімі қатар жүреді. Елге ең алдымен ұйымдастыру қабілеті жоғары басшы ретінде белгілі еді. Әйтпесе, сонау тоқсаныншы жылдардың қиын-қыстау күндерінде Қарабатыр елі секілді диірмен тартып, наубайхана, сұйық май шығаратын, шұжық өндіретін цехтар ашып, түйеқұс өсірген, қысы-жазы қымыз бен шұбат сапырған, жыл бойы жылыжайдан көкөніс жинаған қай ауыл бар? Бұл – осы ауылдың өткені, бүгінгі қарабатырлықтардың қазіргі жағдайы қандай? Жайылма бойындағы жұртты мазалайтын нендей мәселе бар?
Қарабатыр ауылында су мәселесі өткен жылдары қатты алаңдатқан тақырыптардың бірі болды. Су құбыры 1980 жылы салынған екен. Қазіргі таңда ол толығымен тозған, әрі ауылдағы тұрғындардың өміріне қиындықтар тудырады. Аманжол Қабылхан су құбырының ескіргенін және қазіргі уақытта су жүйесінің жиі бұзылып, ауыл тұрғындарын қиын жағдайға қалдыратынын айтып өтті.
– «Жақында бір ай бойы су болмады. Бұл уақытта біз қатты қиналдық. Тұрғындардың уайымы да көп еді. Дегенмен, «Қарабатыр» Агрофирмасының арқасында су мәселесін біршама шешіп, күрделі жұмыстарды атқардық. Қазір су бар, бірақ мәселе әлі де толық шешілген жоқ. Біз су құбырының жаңартылуына қажетті қаржы мен жобалық құжаттарды әзірледік. Депутаттарға хат жаздық, енді жауап күтіп отырмыз», – дейді әкім.
Жергілікті билік су мәселесін шешу үшін жан-жақты жұмыс істеп жатыр. Бірақ бұл салаға қажетті қаржының жетіспеушілігі басты кедергі болып отыр. Бүгінде ауылда бұл мәселені шешуге байланысты үміт бар.
Қарабатыр ауылының кіреберісіндегі Зеленый көшесі де назардан тыс қалмаған. Әкімнің айтуынша, бұрын бұл көшеде бағаналар болмаған, бірақ биыл бұл мәселе шешімін табады. Ауданнан қаражат бөлініп, көше жарықтандырылып, жөндеу жұмыстары басталатын болады. Ауылдың көшелеріне асфальт төсеу де жоспарланған. Абай мен Молодежный көшелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін барлық құжаттар дайындалған, бірақ қаржының жетіспеушілігінен бұл жұмыстар кейінге қалдырылған.
– «Жолдар мен көшелерге қатысты жұмыстар басталады. Бірақ алдымен су мәселесі шешіліп, содан кейін асфальт төсеу жұмыстары аяқталатын болады. Бұл ауылдың дамуы үшін маңызды қадамдар», – дейді Аманжол Қабылхан.
Ауылға мамандар қажет
Қарабатыр ауылында кадр тапшылығы басты мәселе. Механизаторлар мен мал шаруашылығына маманданған қызметкерлер жетіспейді. Бірақ ауылдарға жастарды тарту үшін жақсы мүмкіндіктер қарастырылып жатыр. Өткен жылы Қызылордадан көшіп келген Еркебұлан Бегалиев пен Құралай Әбдрахмановалар осы ауылда фельдшер мамандығы бойынша жұмыс істеуге келді. Олар Қарабатырда ауыл медицинасы мен әлеуметтік салаға үлес қосып, өздеріне жаңа өмір сүру ортасын тапты.
– «Біз Қарабатыр ауылына көштім. Өзіміз де жұмыс іздеп жүрген едік. Ауыл әкімі бізге көмек қолын созып, жұмыс тауып берді. Қазір облыстан көмек ала алмай жатырмыз, бірақ ауыл ұнады. Әзірше айлығымыз аз, бірақ бұл ауылдың жастары үшін жақсы мүмкіндік», – дейді Еркебұлан Бегалиев.
Ауылға жаңа мамандардың көшуі, әсіресе медицина және білім беру саласындағы жастардың жұмысы ауылды дамытуда маңызды рөл атқарады.
Биыл қыс жайлы
Қамысты ауданының ауыл шаруашылығы да көп өзгерістер мен жаңашылдықтарға ұшырауда. Ауыл шаруашылығының маңызды саласы – мал шаруашылығы.
Қарабатырдағы «Қарабатыр» Агрофирмасында 400 бас қара мал мен 150 қойды, сондай-ақ 80 бұзау бар. Бұл бағытта мал дәрігері Ағдарбек Жантұғыловтың да еңбегі зор. Ол осы ауылда отыз жылдан бері мал дәрігері болып жұмыс істейді және агрофирмадағы малдың денсаулығын бақылап, ветеринарлық шараларды жүргізуде.
– «Биыл қыс жайлы болды. Қыстан мал-жан аман, күйлі шықты. Мал азығы жеткілікті. Біз малды вакциналап, бақылауда ұстаймыз. Бірақ механизаторлар мен малшылар жетіспейді. Көбісі сырттан келіп жұмыс істейді», – дейді Ағдарбек Жантұғылов.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
В Наурзумском районе планируют засеять около 270 тысячи гектаров посевной площади. (далее…)
31 наурызда Сарыкөл ауданының көмек алаңы кеңсесінде «Жанашыр бол» қоғамдық қорының өкілі Жасгүл Тоғжанова пробация…
«Больше местных сладостей и новых рабочих мест для своих», - под таким девизом прошла поездка…
В последний день священного месяца Рамадан семья Митаевых из села Новонежинка совершила благородный поступок –…
В День национальных видов спорта сотрудники ГУ «Отдел физической культуры и спорта Наурзумского района» организовали…
Ырым-тыйым құндылықтары (далее…)
This website uses cookies.