Қарабатырда еңбек өтілі 130 жылға жақындаған механизаторлар әулеті тұрады

Қарабатырлық Дударевтер ауыл шаруашылық саласында 130 жыл еңбек етіп келеді.

Атап айтқанда, әулеттің үлкені Николай Сергеевич – 47, оның ұлы Сергей Николаевич – 46 жұмыс істесе, немерелеріі Денис – 22 және Дмитрий 15 жылдан бері техника тізгінінде.

Ауылдық жерлерде қаншама қара жұмыстың басын ұстаған жандар еңбек етіп жүр. Оларға лайықты баға беріліп, маңдай терімен тапқаны жоғары бағаланса деген ниет бұл. Жұмысшы мамандықтарына құрмет – қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттау. Мемлекет басшысының жарлығымен биыл Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланғаны белгілі. Қоғамда лауазым иелерінен бөлек, қарапайым еңбек адамдарын дәріптеуге бұл таптырмас септігін тигізері анық. «Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі» деп атап өтті болатын Ел Президенті.

Осы орайда, әулеттен келе жатқан мамандықты жалғастырушылар жайында атап өткіміз келеді. Қатардағы, бірақ зор бағалауға тұратын саланың еңбеккері – Сергей Дударев. Бүгінде ол Қарабатыр ауылында мотор жөндеуші болып жұмыс істейді. Бір тамсанарлығы, оның әкесі Николай Сергеевич те кезінде комбайншы, бригада бастығы болып еңбек еткен. Қазіргі таңда Сергейден бөлек, оның ұлдары Денис пен Дмитрийдің бірі механизатор, екіншісі – көлік жүргізушісі.

Дударевтер Қамысты ауданына танымал әулет. Оларды өз ісінің білгірі, шебер мамандар ретінде ел біледі. Әкелері Николай Дударев 1940 жылы Покров елді мекенінде дүниеге келген екен. 1957 жылы Ворошилов (қазіргі Қарабатыр ауылы) кеңшарының Қаракөл бөлімшесіне көшіп келеді. Еңбек жолын комбайншы болудан бастаған. Әскери борышын Белоруссияда зымырандық әскери бөлімде өтеді. Содан кейін Целиноградтағы республикалық киномеханик мектебінде оқып, мамандығы бойынша еңбек етті. Қалай болғанда, ауыл өзіне тартпай қоймады. Суармалы бригаданың бригадирі, машина паркінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. «ІІІ дәрежелі Еңбек даңқы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Социалистік жарыстардың жеңімпазы», «10-шы бесжылдық үздігі» төсбелгілерімен, «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдарының иегері атанды. Елге сыйлы, жұртқа беделді, әріптестеріне абыройлы болды.

Сергей Николаевич Дударев Қарабатыр ауылының Қаракөл бөлімшесінде дүниеге келген. Кеңес заманында атағы дүркіреп тұрған Бестөбе кәсіби-техникалық училищесінде К-700 тракторының курсын тәмамдады. Әскери қызметін өтеп келгеннен кейін 1984 жылдың қаңтар айынан жұмысқа шыққан. Бар өтілін есептесек, табан аудармастан 46 жыл еңбек етіп келеді. Механизатор болды. Қазір Қарабатыр елді мекеніндегі №1 бригадада бригадир әрі реттеуші. Зейнетке шығуға да аз ғана уақыт қалған екен. Өмірлік серігі балабақшада жұмыс істейді.

– 1980 жылдардан бастап еңбекке араластым. Мектепті бітіре салысымен, трактор тізгіндедім. Биыл еңбек өтілім 46 жыл. Ұлым да осы жерде жұмыс істейді. Ол да оқуды қалай аяқтады, содан бері менің ізімді жалғастырып келеді. Кішкентайынан менің қасымда жүретін. Мектеп бітірісімен МТЗ, К-700 тізгіндеді. Маған көмектесетін. Менің жолымды жалғастыруда. Ұлым техниканы жақсы көреді. Екінші ұлым Лисаков қаласында карьерде жұмыс істейді. Ол – жүргізушісі. Әкем Николай да осында еңбек етті.

Қазір Қарабатырдағы машина-трактор паркі көктемге дайындық жұмыстарын жүргізуде. Күзгі орақтан кейінгі ақауы шыққан техникаларды жаңартып, олардың қозғалтқыштарын жөндеп жатыр. Бүгін-ертең қосалқы бөлшектердің келгенін күтіп отыр. олар ауылға жеткізілісімен, бірден ескілерін ауыстыру жұмыстарына кіріседі. Ауыл шаруашалық жұмыскерлері қар кетіп, жер кепкен соң көктемгі егістік жұмыстарына әзірлікті бастап кетпекші.

– Кеңес тұсында біздің мамандықтарымызды аса қадірлейтін. Әсіресе механизатор беделі жоғары кәсіп иесі саналды. Ол кезде мектепті бітіргеннен кейін ер балалар бірден жұмысқа алынатын. Бізге үлкендер мектепте оқып жүргенде трактор тізгіндеуді үйретті. Техника жүргізуге арналған арнайы пән болды. Мектепті тәмамдағаннан кейін қолымызға арнайы құжат берді, – дейді Сергей Дударев.

Тәжірибелі механизатор ісіне адал, өз жұмысын жақсы көретінін айтады. Алғашқы «13-ші» номерлі К-700 ескі үлгідегі тракторға отырғаны да әлі күнге есінде сақтаулы. Жас күнінен қара жұмысқа араласқан азамат мезгіл таңдамай еңбек етті. Көктемде тракторға мінеді, қара күзде техникадан түседі, қыс бойы соны жөндеп-жаңартып, келесі көктемде қайтадан тізгінді қолына алады. Оны егіс даласы шынықтырды, еңбек тәрбиеледі. «Түйір нан – тамшы тер» тәмсілін бойтұмар қылып келе жатқан маман.

– Қазір оқушыларды мектеп жасынан бастап еңбекке баулымайды. Ал біздің кезімізде қалай еді? МТМ-ға алып келетін. Арнайы сабақ болатын. Кез келген ауылдың баласы көлік айдап үйренетін. Курстар болды. Соның бәрін ұйымдастыратын. Қазір балаларды қараңыз, телефоннан бас алмайды. Жастарға айтарым – жермен жұмыс істеуді үйрену керек. Егер ешкім жер анамен айналыспаса, дүкен халықты асырмайды, – деді Сергей Дударев келешек буынға ақылын айта отырып.

Шұға ҚОҢҚАБА Суреттерді түсірген – Бағдат АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Корреспонденты «НК» побывали в Белозерском сельском округе

Один из самых удаленных округов Костанайского района расположен в 52 километрах от областного центра. В…

2 часа назад

Гостившего три года назад в Аулиеколе блогера арестовали в Алматы

Дамира Кушеева и еще одного блогера подозревают в вымогательстве. (далее…)

6 часов назад

Узункольцев знакомят с людьми труда, благодаря которым в их домах тепло

Журналисты побывали в котельной №3, которая обслуживает централизованную систему отопления. (далее…)

7 часов назад

Новый пожарный автомобиль поступил в арсенал спасателей поселка Кушмурун

Новая спецтехника на базе «КамАЗа» – долгожданное обновление устаревшего автопарка пожарного поста. (далее…)

7 часов назад

Биыл Денисов ауданында «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 7 жоба іске аспақ

Ауданда 2025 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында жалпы сомасы 1 613,5 млн. теңге болатын 7…

1 день назад

This website uses cookies.