Өткен жылы Арқалықта 17 тұрғын мемлекеттік бағдарлама арқылы 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз грантқа ие болып, өз кәсібін ашты.
Солардың бірі – көпбалалы ана Әсел Дәмешова. Бүгінде ол монша кәсібін ашып, дөңгелетіп отыр
Әсел Анарқызы алты баланың анасы. Қалаға іргелес Родина ауылында тұрады. Негізгі мамандығы есепші. Ол тұрмысқа шыққанға дейін мамандығы бойынша жұмыс істеп келген, кейін бала күтімімен үйде шаруасында. Сөйтіп жүріп, үй жанынан қандай да бір кәсіп ашуды ойластырып, былтыр мемлекет көмегіне жүгінді.
-Өткен жылы мемлекеттік бағдарлама негізінде Business.enbek.kz порталы арқылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдерді қабылдаған болатын. Мен осы мүмкіндікті пайдаланып, монша кәсібін қолға алдым, – дейді көпбалалы ана.
Әсел кәсібін енді ғана бастаса да қайырымдылыққа ден қойып, көмекке мұқтаж жандарды моншаға ақысыз түсіреді.
«Родина ауылында тұратын көпбалалы отбасыларды, зейнеткерлерді, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұма күндері ақысыз моншаға түсіруге жағдай жасаудамыз. Ниетіміз – ол кісілерге аз да болса көмегімізді тигізіп, қолұшын беру. Жалпы, ауылда бұл кәсіпке сұраныс жоғары. Моншаны күнде жақсақ та келушілер қатары үзілмейді. Еңбегіңе қарай табысы да жақсы. Біз сияқты көпбалалы аналарға қолдау білдіріп, кәсіппен айналысуға мүмкіндік беріп отырған мемлекетке айтар алғысым зор», – дейді жеке кәсіпкер.
Бүгінде Арқалық қаласы бойынша 17 азамат мемлекеттік бағдарлама арқылы қайтарымсыз грантқа ие болып, шаштараз, жиһаз жасау, балмұздақ шығару, кондитерлік өнімдер, компьютер жөндеу, монша ісі, түрлі бұйымдарға жазулар мен суреттер басу, тігін цехы, массаж жасау, техника жөндеу орталығы, жылқы өсіру сынды сан түрлі кәсіп түрін қолға алған.
Суреттерді түсірген – Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Лед сдвинулся после проведения госзакупок. (далее…)
Әлемдік сертификаттың иегері (далее…)
Биыл 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы барлық емхана, ауруханаларда пациенттерді Face ID жүйесі арқылы қабылдау басталады.…
Он был приурочен к программе «Таза Қазақстан» и концепции «Наурызнама» (далее…)
Старт экологическим дням был дан в дни празднования Наурыз мейрамы. (далее…)
На сайте госзакупок появился лот на поставку ушных бирок для идентификации сельскохозяйственных животных. Об этом…
This website uses cookies.