Тәуелсіздік күні қарсаңында Арқалық қаласына қарасты Фурманов және Восточный тірек ауылдарында қос бірдей фельдшерлік акушерлік пункт пайдалануға берілді.
Еңселі ғимаратта алғашқы көмек көрсетуге барлық жағдай жасалған. Қос емдеу орнының құрылысын жергілікті құрылыс команиясы «Алюминстрой» ЖШС жүргізіпті.
Нысандардың салтанатты ашылуында қала әкімі Әмірхан Асанов, «Бірлік К» ЖШС басшысы Қазбек Мұқашев, «Село Восточный» ЖШС директоры Иван Попович, сондай-ақ ауыл тұрғындары құттықтау сөз сөйлеп, ризашылықтарын білдірді. Қос ғимараттың да лента қию рәсімдері ауыл ақсақалдары мен денсаулық сақтау саласының ардагерлеріне ұсынылды.
Бас ауырып, балтыр сыздағанда жүгінетін жерімізге мемлекет тарапынан көңіл бөлінгеніне алғысымыз шексіз. Елімізде осындай игі жақсылықтар бола берсін екен дейді ауылдықтар.
-Ауылымыздан емдеу орнының ашылып жатқанына шын жүрегімізден қуанып жатырмыз. Өзім отыз жылдан бері осы ауылдың тұрғынымын. Қызым Айгүл Тұрсынбаева осында медбике болып жұмыс атқарады. Бұған дейін ескі ғимараттарда жұмыс істеп жүрді, – дейді Фурманов ауылының тұрғыны Кәмила Шайкемелова.
-Ауылымызда фельдшерлік-акушерлік пункт ашылып жатқанына қуаныштымыз. Бұл жаңалықты көптен күткен едік. Мен өзім зейнеткермін. Біз секілді қарттардың, жалпы тұрғындарымыздың денсаулығы сыр бере қалса, енді қалаға барып әуре болмай, өз ауылымызда медицина мамандарының көмегіне жүгінетін боламыз. Біздей ауыл тұрғындарына арнап заманға сай медициналық бөлімше салып беріп жатқаны үшін ел Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа үлкен алғысымызды білдіреміз, – дейді көршілес жатқан Восточный ауылының тұрғыны Қасқырбай Шакин.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ, Суреттерді түсірген – Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Ценным подарком в преддверии Дня благодарности стал праздничный концерт в честь сподвижников. (далее…)
Өңірлерде жергілікті тұрғындар сайлаған әкімдердің 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. (далее…)
«Заң және тәртіп» жобасы аясында (далее…)
Районные зимние соревнования прошли в рамках I зимней областной спартакиады. (далее…)
Тозығы жеткен мектеп (далее…)
Все услуги, которые оказывал морг, теперь будет осуществлять индивидуальный предприниматель Владимир Крукович. (далее…)
This website uses cookies.