Арқалықта жаңа мектеп бой көтерді

Өткен жылы ұлттық жобамен қолғ алынған 300 орындық «Жайлы мектептің» құрылысы еңсе көтерді. Құрылысшылар екі ауысым бойы күні-түні жұмыс істеуде.

Құрылыс мердігері «Алюминқұрылыс» ЖШС биыл сәуір-мамыр айларында қабырғасын көтеріп, біраз жұмыстарды бітіруді қолға алған. Әрі қарай инженерлік-коммуникациялық жүйелерді тартып, ішкі-сыртқы жұмыстары жүргізіледі.

-Жаңа мектеп қала орталығында тың жерден іргетасын бастап қолға алынған. «Жайлы мектеп» құрылысының жұмысы жоспарға сай жүргізілуде. Құрылысшылардың бәрі дерлік жергілікті жердің азаматтары. Жұмыс қарқынын тежемес үшін құрылыстың басында барлық жағдай жасалған. Жүздің үстінде адам жұмыс істеп жатыр. Арнайы техника, құрылыс материалдары жеткілікті, – дейді Абай Мұқанов

Жоспар бойынша, әлеуметтік нысан жаңа оқу жылында пайдалануға берлмек.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 5