Республика күні қарсаңында Арқалықта спорт алаңы ашылды.Биыл Арқалық қаласында 9 көше тренажері халық игіліне берілді.
Шақшақ Жәнібек көшесі, №52 үй алаңынан орын тепкен футбол алаңының ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары Мешітбай Жұманов құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік қызмет саласының ардагері Балтабек Құрманбайұлы мен қаланың үздік жас спортшыларының бірі, футболдан республикалық, халықаралық жарыстардың жүлдегері Сәкен Айсұлтан кермесін қиды.
Сондай-ақ, жаңа футбол алаңымен қоса көпқабатты үйлердің ауласына он түрлі элементі бар көше жаттығу қондырғылары орнатылып берілді.
Қалалық «Дене тәрбиесі және спор» бөлімінің басшысы Айтжан Мәліков салауатты өмір салтын ұстану, жастарды спортқа тарту бағытындағы игі бастамалар жақсы жүзеге асып жатқанын алға тартады. Биыл жоспар бойынша осымен қоса 4 мекен-жайда балалардың шағын спорт алаңы іске қосылып отыр. Таяу уақытта тағы 3 мекен-жайда қала тұрғындары қуаныштарын еселемек.
Қазіргі таңда қала және іргелес кенттерде отызға жуық спорт алаңы жұмыс істеп тұр. Үстіміздегі жылы 9 көше тренажерларының халық игілігіне берілгенін де айта кетейік. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше келешекте мұндай мүмкіндіктерді әр тұрғын үйдің ауласына қолжетімді етіп қою көзделген.
– Бұл бір керемет дүние болды. Жас-кәрінің қуанышында шек жоқ. Таңғы сағат алтылар шамасында тұрып, түрлі жаттығулар жасаймыз. Балаларға да бос уақытында өздерінің жеке ойын алаңдарында спортпен шұғылданатын болды, – дейді қала тұрғыны Балтабай Құрманбайұлы.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Об этом сообщил и. о. заместителя руководителя КГУ «Пригородное учреждение лесного хозяйства» управления природных ресурсов…
Тазалық басты назарда (далее…)
⠀Сильнейшие борцы соревновались с 9 по11 апреля 2025 года в г. Караганде. В составе сборной…
В Пресногорьковке, старинном казачьем селе Узункольского района, на центральной площади шумел люд на праздничном Наурызе!…
По его словам Алибека Сейлханулы, она дает стабильность, неплохой доход и возможность чувствовать себя востребованным.…
Специалисты также определяли тип личности граждан, находящихся на пробации (далее…)
This website uses cookies.