Арқалықта шағын цех іске қосылды

 Арқалықтық Раушан Жарылқасынова қатырма қағаз қораптарын шығаратын шағын цех ашты.

Жеке кәсіпті бастауға «2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту» жобасы аясында үкіметтен 2,5 пайызбен 5 млн теңге несие алған.

Кәсіпкер алған несие қаражатына қатырма қағаздарды қалаған көлемде кесіп шығаратын қондырғы және өзге де қажетті құрал-жабдықтарын сатып алды.

«Пакеттердің барлық түріне тапсырыс жан-жақтан түсіп жатыр. Арнайы станок сатып алдық. Шикізатты сырт елдерден алдырамыз. Алдағы уақытта макулатура қабылдап, өнімді өзімізде шығару ойымда бар. Кәсіпкер болғасын тұтынушылардың талғамынан шығып, қалауын қарай жұмыс істеуің керек. Мысалы, бір тұтынушымыз 200 пакетке тапсырыс берсе, келесі жолы оған 50 пакетті тегін беру жағын қарастырудамыз», – дейді жас кәсіпкер.

Цех ашу үшін Раушанға көпқабатты үйдің астыңғы бөлігіндегі орын-жайды меншігіне қаратып, оны жолдасы заманауи үлгіде жөндеп берген. Төрт баланың анасы бұған дейін құрт сатып, әлеуметтік желідегі жеке парақшасымен де көпшілікке кеңінен танылып та үлгірген еді.

«Құрт сатып жүргенімде тұтынушылардың қорапқа қызығушылық танытатынын байқадым. Сатқан затыңның сыртқы тауарлық түрі жақсы болса, ол зат өтімді болады. Осылайша, кәсіптің жаңа түрін бастадым», – дейді ол.

Қаладағы «Мансап» орталығының мәліметінше, Арқалық қаласы бойынша өткен жылы 14 адамға«Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 60 млн теңге несие берілген.

 

Шұға АҢСАҒАНҚЫЗЫ

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 6