Арқалықта көпқабатты үй салынады

«BAZIS-А» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Александр Белович Арқалық қаласында болып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті.Компания қаражатына салынатын 50 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй құрылысының таныстырылымын жасады.

Тұрғын үй кешені «Тұмар» деп аталатын болды. Александр Беловичтің айтуынша, жаңадан салынатын елу пәтерлі үйдің ауласы абаттандырылып, елу түп ағаш отырғызылады. Бой көтеретін үйлердің барлығы да үш бөлмелі. Оған қоса жеделсаты іске қосылады. Жоспарға сай алдағы қыркүйек айының басына дейін үй пайдалануға беріледі.

Жанкелдин ауданының тұрғыны Нұржан Әлихан жаңадан салынатын үйден үмітті. Тұрғындарды мазалаған бір сұрақ. Жаңадан берілетін үйлер зардап шеккен тұрғындар меншігіне заңдастырыла ма?

«Тұрғындар қираған үйлерін жерімен бірге жергілікті әкімдіктерге тапсырады. Жаңа үйдің құжаты келсім арқылы тұрғындардың атына басыбайлы аударылып беріледі», – дейді жергілікті әкімдік.

Құрылысшылар қаладан салынып жатқан 50 пәтерлі үйдің сертификаттарын болашақ пәтер иелерін салтанатты түрде табыстады.

Бұл тізімге көршілес Аманкелді ауданынан 7 отбасы, Жанкелдин ауданынан 9 отбасы тізімге еніп тұр. Тізімдегі барлық отбасылар сертификатқа ие болды.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 0