Арқалықта «Бүркітшілік бір өнер» атты танымдық сағат өтті

Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының ғылыми қызметкері қаламыздағы №41-ші түзету мекемесінде жазасын өтеушілерге аңшылық, саятшылық, құсбегілік тақырыбында «Бүркітшілік бір өнер» атты танымдық сағат өткізді

Атадан балаға жалғасып келе жатқан құсбегілік өнер туралы айтылып және мұражай қорындағы аңшылық бағытқа арналған жәдігерлері таныстырылды. Жазасын өтеушілер жәдігерлермен таныса отырып, өздерінің сұрақтарын қойып, тың дерек дәйектерге қанық болды.

Мұражай жәдігерлерін қолына алып бүркітшілік өнердің қиындығы мен қызығын және бүркітшінің бұйымдарымен таныс болды. №41-ші түзету мекемесімен бірлесе өткізген шараның мақсаты жазасын өтеушілерге ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап мұражай жәдігерлерін насихаттау.

Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының ғылыми қызметкері Рауан Терек


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 7