
Арқалық тұрғыны ресми түрде мопедін тіркеді
Арқалық қаласында алғашқы мопед ресми түрде тіркеуге қойылды. Оның иесі – «Новый» кентінің тұрғыны Сапабек Жұмашев.
Қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімі және жергілікті полиция қызметі бөлімінің мамандары көлік иесіне тіркеу рәсімінен өтуге жәрдемдесті. Нәтижесінде, мопедке мемлекеттік нөмір берілді. Сапабек Мәтенұлы көлігін уақытылы заңдастырып, еш кедергісіз жүре алатынына қуанышты екенін айтады.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 5 сәуірден бастап 50 текше сантиметрлік мопедтер механикалық көлік құралдары санатына енгізіледі. Осыған байланысты мопед иелеріне жүргізуші куәлігі (А1 немесе В санаты), мемлекеттік тіркеу, міндетті сақтандыру және техникалық тексеруден өту міндеттеледі.
Полиция қызметкерлері тұрғындарға мопедтерін уақытында тіркеуге кеңес береді. Белгіленген мерзімнен кейін құжатсыз көлік басқарған жүргізушілерге заң аясында қатаң шаралар қолданылатыны ескертіледі.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
Просмотров: 15