Арқалық қаласында 20 аула аумағы су астында қалды
Ауа температурасының күрт жылынуы және қардың тез еруіне байланысты кейбір өңірлерде су тасқыны жағдайы күрделене түсті.
Арқалық қаласында қалалық әкімдік, төтенше жағдайлар саласы, коммуналдық қызмет көрсету мекемелерінің мобильдік қызмет көрсету топтары, техникалар жұмылдырылып, үзіліссіз жұмыс жасауда.
Қардың қарқынды еруінің салдарынан Арқалық қаласының Новый, Родина, Северный, Дачный елді мекендерінде 20 аула, Новый ауылы – 1 жеке аула, Северный кенті – 3 жеке аула, Дачный кенті – 7 жеке аула, оның ішінде 12 жеке тұрғын үйді су басты.
ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінің сарбаздары Қарағанды қаласынан Қостанай облысына Арқалық қаласына, Северный кентіне келді. Әскери қызметшілер су тасқыны жағдайында көмек көрсетуге кірісті.
-Қостанай облысының Қостанай, Арқалық қалаларында, Амангелді және Жангелді аудандарында еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде. Арқалық қаласында 20 аула аумағы, оның ішінде 12 жеке тұрғын үй су астында қалды. Үздіксіз жүргізілген су сору жұмыстарының нәтижесінде Арқалық қаласының тұрғын үйлерінен су толығымен шығарылды. Барлығы 6848 текше метр су сорылды. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты,- дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты елімізде ТЖМ мен өңірлерде жедел штабтардың жұмыс істеуде. Жедел желі телефоны іске қосылды.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
Просмотров: 8