Қамыстының екі ауылында су құбыры жаңарады

Қамысты ауданының әкімдігінің жоспарына сәйкес, алдағы жылдары ауыз сумен жабдықтау жүйесін одан әрі жақсартуды көзделген.

«Мемлекет басшысының халықты бес жыл ішінде ауыз сумен қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес тұрақты бақылауда. Биыл Қарабатыр және Клочков ауылдарында су құбыры желілерін қайта жаңарту жоспарланған. Қарабатыр ауылы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін 12,8 миллион теңге бөлінді. Бұл жобалар жүзеге асқан жағдайда, аудан тұрғындарының сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі едәуір жақсарады», – дейді аудан әкімі Ерлан Жаулыбаев.

Қамысты ауданы ауыз су мәселесін шешу жолында айтарлықтай жұмыстар жүргізуде. Аудан әкімдігі халықтың сапалы ауыз суға деген сұранысын қанағаттандыруды басты міндет етіп қойып отыр. Алдағы жоспарлар іске асқан жағдайда, ауыз су қолжетімділігі артып, халықтың өмір сүру сапасы жоғарылай түседі.

Қамысты ауданында жалпы саны 10 876 адамды құрайтын 17 ауылдық елді мекен бар. Бүгінде олардың 12-сі немесе ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Оның ішінде жеті ауыл орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылған. Бұл сегіз мыңнан астам адамды немесе халықтың 81%-ын қамтиды. Бұл ауылдарға Алтынсарин, Арқа, Дружба, Жайылма, Қамысты, Қарабатыр және Клочков кіреді. Сонымен қатар, Фрунзе ауылында тұзсыздандыру қондырғысы орнатылған. Ал халық саны алты жүзден асатын Аралкөл, Ливанов, Пушкин және Талдыкөл ауылдарында арнайы су тарату пункттері арқылы ауыз су жеткізіледі.

Тұрғындардың ауыз суға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін су бағасы әр ауылда әртүрлі. Мәселен, Ливанов ауылында тіршілік нәрінің литрі 13 теңге, Талдыкөл ауылында литрі 14 теңге, ал Орқаш ауылында литрі 15 теңге, Аралкөлдіктер литрін 17 теңгеге сатып ішіп отыр. Дегенмен, Ливанов, Орқаш, Аралкөл сынды ауылдарда тіршілік нәрі толық көлемде сатылып отырған жоқ, дегемен тек Талдыкөлде ауыз су ішінара қамтамасыз етілуде.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Костанае убили подростка

Информация распространяется в социальных сетях. Ее достоверность подтвердили в полиции, сообщает "ТоболИнфо". (далее…)

9 минут назад

В селе Караменды Наурзумского района прошла церемония награждения лучших специалистов района по итогам года

Мероприятие прошло впервые после пандемии коронавируса, последний раз руководство района его проводило в 2019 году.…

5 часов назад

Бар ғұмырын кітапхана ісіне арнаған

Арқа ауылының кітапханашысы Галина Қабылова (далее…)

7 часов назад

Аулиекольские спасатели получили новые автомобили повышенной проходимости

В арсенале ПЧ-15 села Аулиеколь теперь есть «Toyota Hilux» и вездеход «Трэкол». (далее…)

1 день назад

This website uses cookies.