Қамыстылық балықшылар қармақтың қызығынан гөрі қатерді ойлайды

Қазір балықшы да көбейді, балық аулауға қызығатындар саны да артты.

Өйткені, демалысын табиғат ортасында өткізгісі келетіндер қатары аз емес. Бірақ, ымырт кезеңінде хоббиіне басып, мұз үстіне шығып, жылым бар жерлерді байқамай суға батып кетіп жатқандар туралы жаңалықтар естіп жатамыз. Соңғы уақытта қараңғылық тез түседі, балық аулаудың қызығына бата алмаймыз. Ымыртқа қалсақ, айыппұл арқалаймыз ба деп қорқады әуесқойлар. Бірақ бұған қатысты ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 қаңтардағы №34 бұйрығы негізінде тәуліктің қараңғы мезгілінде өзен-көлге шығып, балық аулауға тыйым салынған.


Қысқы балық аулау – бұл тек демалыс қана емес, сонымен қатар жауапкершілік. Мұны осылай деп мамандар ескертеді.


«Жыл бойы профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Біз ескерту жасап, бұзушылықтар анықталған жағдайда айыппұл салынады. Біз тұрақты түрде Тобыл өзенінің жағалауына, тұрғын секторда және басқа да салаларда рейдтер жүргіземіз. Қыс мезгілі басталғаннан бері Қамысты ауданында мұздағы ережелерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту жағдайлары тіркелген жоқ. Дегенмен, бұл заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын төмендетпейді. Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364-бабы талаптарына сәйкес, су ресурстарын қорғау ережелерін, соның ішінде заңсыз балық аулау немесе қауіпсіздік шараларын бұзу үшін айыппұлдар қарастырылған. Сонымен қатар, құтқару қызметтерінің талаптарын елемеу және жұқа мұзға шығу қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайларда адам тек әкімшілік қана емес, моральдық жауапкершілікті де көтереді. Аудан тұрғындарына айтарымыз, мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтап, өз өміріңіз бен денсаулығыңызға қамқор болуларыңызды сұраймыз. Естеріңізде болсын, ешқандай олжа өміріңізден қымбат емес. Егер мұздағы қауіпті мінез-құлықты немесе төтенше жағдайды байқасаңыз, дереу 112 нөміріне хабарласыңыз», – дейді Қамысты ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Жансұлтан Төлепбергенов.


Маманның айтуынша, олар тек балық аулау және мұзда болу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ескерту жасайды. Тұрақты түрде Тобыл өзенінің жағалауына, тұрғын секторда және басқа да салаларда рейдтер жүргізеді.

«2024 жылдың 1-31 желтоқсан аралығында Қамысты ауданының аумағына «Ақбөкен» жедел алдын алу шарасы өткізілді, оның шеңберінде полиция қызметкерлері бұзушылық фактілерін анықтады. Шара аясында ереже сақтау, қару-жарақ заңды аң аулау емес, сондай-ақ балық аулау саласындағы ережелерді бұзу кезінде заңсыз балық аулау фактілері анықталды. Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соңғы өткен жедел алдын алу шарасы кезінде екі адамның құқықбұзушылық дерегі анықталып, айыппұл салынды, – дейді Қамысты ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция капитаны Жанбатыр Кенебаев.

Айта кетейік, ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 қаңтардағы №34 бұйрығымен бекітілген су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының 47-тармағына сәйкес тәуліктің қараңғы мезгілінде және нашар көрінген кезде мұзға шығуға қатаң тыйым салынған. Мұны құзырлы орган өкілдері де растап отыр. Өйткені түнгі уақытта балық аулау қауіп-қатердің жоғары болуымен ерекшеленеді. Мұндай жағдайда көріну нашарлайды, бұл төтенше жағдайлар кезінде құтқару жұмыстарын қиындатады. Сонымен қатар, балық аулау да қауіпті бола түседі: жергілікті жерді бағдарлау қиын, мұз астына түсіп кету немесе басқа да оқыс оқиғалар қаупі артады.

Азаматтар демалыс, серуенді өзен-көл жағасында өткізгенді жақсы көреді. Балық аулауды таза ауаға шығудың бір бөлігі ретінде жоспарлайды. Әрі демалып қайтады, әрі балық ұстаса, олжасын қазанға салады. Осы орайда әуесқой балықшылық кәсіп пе, әлде бос уақытты қызықты өткізу ме деген сұрақ туындайды. Ең басты мәселе – әрине қауіпсіздік. Әсіресе, түнгі уақытта қармақтың қызығына қызығына түсіп кетсе де, қатерді ойлаған жөн. Әуесқой балық аулаушылар осылай дейді.

«Мәселе көп балық ұстауда емес, тылсым табиғаттың құшағында өзгеше бір сезімге бөленіп, бір жасап қалу. Ең бастысы – қауіпсіздікті қатаң сақтау. Дегенмен соңғы шыққан бұрйық туралы естідім. Онда түнемелік балық аулаға шектеу қою. Мәселен, кейбір тнде аулайтын балықтың түрлері болады. Осы жағы ойлау керек сияқты. Асылында, бұл да спорттың бір түрі. Әркім бос уақытын барынша хоббиіне арнағысы келеді ғой. Архив саласында жұмыс істеймін. Сол себепті, аптаның демалыс күндері балық аулауға шығамын. Балық аулауға бала кезден әуеспін, бірақ тек соңғы жеті жылдың көлемінде ғана оған кәдімгідей бет бұрдым, – дейді қамыстылық әуесқой балық аулаушы Нұрлан Жолаушыбаев.

Осы аралықта ұстаған рекордтық балығы, оның салмағы қанша болды деп сұрадық әңгіме арасында.

«Өмірімде қармаққа аулаған ең ірі алабұғаның салмағы 1,1 келі болса, ең үлкен шортанның салмағы 4,5 келі болды. Мен отбасыммен демалыс күндері балық аулауға барамын. Жылдың әр мезгілінде Жоғарғы Тобыл өзеніне алабұға және шортанға шығамын. Бір аулағанда 5-6 келідей балық ұстаймын. Жылтырауығы бар қармақпен аулаған ұнайды. Өзім балық аулауды лотереяға теңер едім, өйткені балық аулауға шықтың, сені алда не күтіп тұрғанын білмейсің, қармақты қаба ма, жоқ па, қандай балық түседі? Сонысымен де қызық, – дейді әуесқой балық аулаушы Нұрлан Жолаушыбаев.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Суреттер Нұрлан Жолаушыбаевтың жеке архивінен алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Жительница Костаная стала жертвой мошенников, вложив 21 млн тенге в фальшивую платформу

Женщина, инвестировавшая 21 млн тенге, узнала от полиции, что она стала частью мошеннической схемы. (далее…)

2 часа назад

В городской больнице Костаная новый главный врач

"Приказом ГУ «Управление здравоохранения акимата Костанайской области» от 22 января 2025 года Альмагамбетов Куат Райханович…

2 часа назад

Полицейские и волонтеры продолжают поиски пропавшего жителя Костанайского района

Уже неделю продолжаются поисковые мероприятия по установлению местонахождения без вести пропавшего жителя Костанайского района, Сергея …

19 часов назад

Число получателей адресной социальной помощи снизилось на 40% в Костанайской области

Если в 2023 году ее получали 3964 семьи, то в результате всех предпринятых мер сейчас…

19 часов назад

This website uses cookies.