Қамысты аудандық мәдениет үйінің жанынан «Жайылма» халық театры құрылды.
Өнер ұжымы аудан әкімдігінің қолдауымен жасақталып, алғашқы қойылымға дайындық жүргізуде. Театрдың көркемдік жетекшісі – аудандық мәдениет үйінің директоры Еркебұлан Кәрімұлы.
Театр құрамына мәдениет және білім саласының мамандары енді. Олардың қатарында домбыра үйірмесінің жетекшісі Мәди Байзақов, музыка пәнінің мұғалімі Асылхан Байжан, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Толқын Айтымағанбетова, математика пәнінің мұғалімі Ақбидай Жеңісхан, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Дильяра Әлмұхамедова, мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Самал Мырзабекова және ақпарат бөлімінің әдіскері Ермек Төлебергенов бар.
Қазіргі таңда халық театр ұжымы Лидия Егембердиеваның «Көресіні көрмей…» шығармасын сахналауға дайындық жүргізуде. Алғашқы қойылым сәуір айының ортасында көрермен назарына ұсынылады.
– Жастарды өнерге тарту, Қамысты мәдениетінің дамуына үлес қосу мақсатында театр құрылды. Алдағы уақытта театр құрамын кеңейтуді жоспарлап отырмыз, — дейді Еркебұлан Кәрімұлы.
Театрдың сахналық безендірілуі мен әртістердің киімдері облыстық қазақ драма театрының қолдауымен және жергілікті тұрғындардың көмегімен дайындалуда.
Театр атауы Қамысты ауданының байырғы атауы – Жайылма жеріне байланысты қойылған. Қазақстанның Құрметті журналисі, соғыс ардагері Қасымхан Алдабергеновтің айтуынша, «Жайылма – Тобылдың бастауы. Сол жерде үлкен алаң бар, көктемде су келгенде жайылып кетеді. Жайылма атауы содан қалған».
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Об этом сообщил и. о. заместителя руководителя КГУ «Пригородное учреждение лесного хозяйства» управления природных ресурсов…
Тазалық басты назарда (далее…)
⠀Сильнейшие борцы соревновались с 9 по11 апреля 2025 года в г. Караганде. В составе сборной…
В Пресногорьковке, старинном казачьем селе Узункольского района, на центральной площади шумел люд на праздничном Наурызе!…
По его словам Алибека Сейлханулы, она дает стабильность, неплохой доход и возможность чувствовать себя востребованным.…
Специалисты также определяли тип личности граждан, находящихся на пробации (далее…)
This website uses cookies.