Қамыстыда жаңа жылға дейін үш ірі жоба пайдалануға берілмек
Жыл басынан бері 1,4 мың жуық шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Құрылыс-монтаж жұмыстары 29% өсті, көлемі 3,5 млрд теңгені құрады. Жыл соңына дейін сумен қамтамасыз етудің кезеңдік жоспары аясында Бестөбе және Адаев ауылдарында жаңа су құбырын пайдалану жоспарланған. Бүгінгі таңда құбыр тарту желісі 100% жүргізілді, 2 ұңғыма бұрғыланды, желтоқсанның басында пайдалануға беріледі. «Ауыл ел – бесігі» жобасы аясында Арқа ауылында 120 орындық демалыс үйін салу бойынша екі жылдық жоба іске асырылды. 542,7 млн теңге болатын жоба да жыл аяғында тапсырылады деп жоспарлануда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте айтылды.
-Биыл автомобиль жолдарын жөндеуге 1,9 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе көп. Оның ішінде аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге – 1,4 млрд теңге, кентішілік – 514 млн теңге. Айта кетейік, Қамысты, Алтынсарин, Арқа және Адаев ауылдарында жалпы ұзындығы 9,5 км болатын 12 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Бүгінгі күні ұзындығы – 8,4 шақырым 12 көше (оның ішінде сегіз көше Қамысты ауылында) бойынша жұмыстар аяқталды. Биыл төрт ауылдың кірме жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде және бөлінген жалпы сомасы 1 млрд 367 млн теңгеге бір кіреберіс ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Аудан бойынша 81 млн теңгеге ұзындығы 4,2 км тротуар тартылды. Биыл жергілікті тауар өндірушілер мен кәсіпкерлердің демеушілігімен Алтынсарин, Адаев, Қамысты және Маяк, Клочково ауылдарында 5 балалар алаңы салынды, – деді аудан әкімі.
Ірі ауыл шаруашылық тауар өндірушілері ағымдағы жылы шаруа қожалықтарының қызметкерлері үшін 250 млн теңгеден астам сомаға тоғыз тұрғын үй салынды және реконструкцияланды. Серіктестік басшыларымен, шаруа қожалықтары басшыларымен және ШОБ өкілдерімен шамамен 130 млн теңге сомасына 32 апатты және тозығы жеткен үйлерді бұзу бойынша меморандумдар жасалды.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31