Қамыстыдағы орталық алаң гүлге оранды

Жаз қарсаңында гүл егу, қоғамдық саябақтарды және орталық көшелерді гүл-ландшафтық безендіру арқылы көгалдандыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Осыған орай, ауданның әсіресе орталық алаңы түрлі-түсті гүлмен безендіріліп жатыр.

Қамысты селолық округінің сектор меңгерушісі Асқар Наурызбаевтың мәлімдеуінше, биыл аудан орталығында елу мыңнан астам гүл егілді
Расында да, бүгінде көздің жауын алатын қызыл-жасыл барқытгүл, тагетис, мариголдтар, көпжылдық алисум, вилоа және басқа да өсімдік түрлері село орталығының халық көп жиналатын жерлеріне көрік беріп тұр. Жалпы елімізде біржылдық гүлдердің 50-ден астам түрі кездессе, Қамысты көшелерінде жыл сайын олардың оннан астам түрі егіледі екен. Жасыл желекті мүсіндер де жылдағыдай көз қуантып, текеметтей түрленген гүлалқаптар аудан көшелерінің ажарын ашып, көркіне сән қосуда.

– Біздің басты мақсатымыз – ауданның экологиялық жағдайын барынша жақсарту. Бұл ретте жылдағы дәстүр бойынша биыл да ауданның орталығы гүлмен безендіріліп, көгалдандыру, көріктендіру жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Биыл, атап айтсақ, ауданымызды көгалдандыру аясында қатарлар мен бороздарды белгілеу, жаздық және көпжылдық өсімдіктер санын көбейту, дайын бороздарға көшет отырғызу, арамшөптерді қопсыту және жүйелі түрде арамшөптерден тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, минералды тыңайтқыштар қоректендіру, гүлзарларды суарып отыру жұмыстары жаз бойы атқарылды. Гүлдердің жан-жағы қопсыту және өсімдік қалдықтарынан тазартылған аумақты тазарту жұмыстары қолға алынды. Арнайы дизайн альбомына сәйкес гүл көшеттері отырғызылды. Осылайша, ағымдағы жылы аудан аумағында 50 мыңнан астам гүл егілді, – деді Асқар Наурызбаев.

Орталық алаңды абаттандыру кезінде көгалдандыруға ерекше көңіл бөлініп келеді. Мамандардың айтуынша, халық көп жүретін жерлерді безендіруге көбінесе шырайгүл, барқыт гүлдері көп қолданылады. Бояуы қанық бұл өскіндер ою-өрнекті анық етіп бедерлеуге қолайлы көрінеді.
Көздің жауын алатын көрікті гүлдермен қоса, биыл орталық алаң мен көшеге жартасты арша, көлденең арша, қабыршақты арша, туя ағашы, Батыс Даника, Батыс Колубмна, корей шыршасы отырғызылды. Мәрмәр тастар қойылып, 5-7 литрлік ілулі құмыралар орнатылды.
Аудандағы алаң, көше мен жол жиегі қарағай, терек секілді жасыл желекпен көмкерілген. Олар ерте көктемнен бастап, күрең күзге дейін жайқалып тұрады.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Разрушенный во время паводка мост на трассе Аулиеколь-Жолдама будет восстановлен только к 1 ноября

Люди опасаются, что этой весной стихия нанесет новый удар, то есть до окончания реконструкции, пишет…

2 часа назад

Денисов ауданында ауыл мұғалімі жасанды интеллектіні шебер қолдануда

Жасанды интеллектінің қыр­сырын меңгерген ұстаз Степан Галкин Денисов ауданындағы Гришен ауылында тұрады. (далее…)

3 часа назад

На рыбалку с семьей: Аулиекольский рыбак поделился эмоциями от совместного хобби с родными

Крупный трофей Михаилу Кравченко удалось вытащить на озере в селе Диевка. (далее…)

5 часов назад

Династией по сварочному делу можно назвать семью Евгения Арбузова из Мендыкары

Практически половину своей жизни Евгений Арбузов посвятил сварочному делу, которое стало для него не просто…

6 часов назад

Жительница Костаная стала жертвой мошенников, вложив 21 млн тенге в фальшивую платформу

Женщина, инвестировавшая 21 млн тенге, узнала от полиции, что она стала частью мошеннической схемы. (далее…)

9 часов назад

This website uses cookies.