Біздің бұл жолғы сапарымыз Арқа ауылына арналды.
Қамысты өңіріндегі жаңырған елді мекендердің бірі. Оған дәлел – өткен жылдың аяғында мәдениет үйі салынды, фельдшерлік амбулаториялық пунктің іске қосылуы. Бізді село әкімі Төлеген Досмұхамедов қарсы алды. Алғашқы сапарымыз ауылды жұмыспен қамтып отырған мал шаруашылығы кешенінен басталды.
«Алтынсарин» ЖШС-не қарасты екінші бөлімшеде екі мың бас ірі қара мал басынан қазір 800-і қолда. Солардан жүздей бұзау бар. Екінші бөлімшенің бригадирі Төлеген Төлепов биыл қыстың жайлы болғанын айтады.
– Бұл жерде тек бұзалайтын малдар ғана. Мал азығы екі жылға жеткілікті. 7800 түк шөп қоры тұр. Ақпан-наурыз айы мал төлдейтін кезең. Менің қарамағымда отыз шақты адам жұмыс істейді. Малшылар, бұзау бағушылар, слесарь, электрик, механизаторлар. Олар таңғы алтыдан бастап осында. Арасында үйлеріне барып келеді. Төлдеген сиырлардың бұзауын қарап, малға шөп салып, ауыздандырып жатады. Қораны малдың қиынан тазалайды, қар жауған күндері базаны қардан тазартады, – дейді бөлімше бригадирі.
Төлеген Төлепов Арқа жерінің тумасы, 19 жасынан сиыр бағып, малшылықтан бригадирге дейін көтеріліпті. Нағыз еңбек адамы. «Алтынсарин» ЖШС басшысы, Қазақстанның Еңбек Ері Борис Князовтің ұсынысымен Астанаға барып, мал шаруашылығы саласында білімін жетілдіріп келген.
Мұнда ерлермен бірге нәзік жандар да қара жұмыстан қалыспайды. Солардың бірі – мал азығын тасып, бұзауларды бағып жүрген озат малшы Гүлнар Рахметова. Ол осында 1998 жылдан бері еңбек етеді. Гүлнар бұл жерде еңбектің шын бағаланатынын айтты. Атап айтқанда, өткен жылдың соңында серіктестік атынан екі миллиондай теңге, яғни, он еселік сыйақы алыпты.
-Таңғы алтыдан келіп, бұзуалардың астын тазалап, базадан жем-шөбін тасып береміз. Жаңадан төлдеген бұзауларды енесінің бауырына салып, ауыздандырып, алғашқы уызына тойдырамыз. Қазір нағыз мал төлдейтін кезең. Күніне 4-5 сиыр бұзаулап жатады, – дейді ол.
Айтса айтқандай-ақ, біз барғанда кезекті бір сиыр бұзаулап жатты. Бізге «құтты қонақ болдыңдар» деп алғыс айтып жатыр. Мұны өзіміз де жақсылыққа баладық. Осы кезде кешеннің зоотехнигі Нұрсұлтан Қаныбек келіп, бұзаудың денсаулығын бақылады.
– 2018 жылы осында практикадан өтуге келгенмін, содан бері зоотехник болып істеп жатырмын. Қостанайдағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ ветеринарлық факультетінде оқыдым. Осында үй берді, барлық қажетті көмекті алдым. Ата-анамды осында көшіріп әкелдім. Қазір ауылда еңбек етемін деген жас маманға мемлекеттен берілетін көмек көп. Жалақым да жоғары. Малды азықтандыру жағын қадағалаймын. Бір ірі қара мал күніне қанша тамақ ішеді, соны бөліп есептеймін. Жұмыс кестесі таңғы 8-ден кешкі 18.00-ге дейін. Қазір 100 бас бұзау бар. Сиыр төлдегеннен кейін бұзауын бірден жылу лампасының астына апарып қоямыз, – деген маман өзі сияқты жастарды еңбек жолын ауылдан бастауға шақырды.
Көпке мәлім, Арқа ауылын теміржол басып өтеді. Көші-қон мәселесі де тұрақты. Себебі ауылда жұмыс бар. Мал шаруашылық кешенінде әрі Красный Октябрь кен орында, теміржолда, мектепте еңбек етеді. Бұрынғы су тапшылығы шешілген, әр үйге тіршілік нәрі кіріп тұр. Тек бізге көгілдір отын ғана қажет дейді ауыл әкімі.
Мұнан кейін жаңадан салынған мәдениет үйін көруге келдік. Әзірге би, вокал, мәнерлеп оқу, «Зумба» фитнесі жұмыс істеп тұр. Үйірмелерге кәрі-жас та келіп қатыса алады. Мәдини шараларды ұйымдастырушы Олег Шмидт өнер ордасы ашылғаннан бері екі үлкен шараны өткізгенін айтады.
Еңбек жолын ауылдан бастаған жас маманның бірі – қамыстылық Диляра Есеналиева. Ол – бастауыш сынып мұғалімі. Жас маман биыл бірінші сыныпты алыпты.
-Қостанай педагогикалық колледжін тәмәмдап, еңбек жолымды Краснооктябь жалпы білім беретін мектебінде бастамаққа шештім. Қазір Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы педагогикалық университетінде оқимын және де сонымен қоса, осы мектепте сабақ беремін. Маған Арқа ауылы ұнады. Біріншіден, теміржол кесіп өтеді. Аудан орталығына жақын. Әрі ұзақ жылғы еңбек өтілі бар мамандардан тәжірибе жинақтап жүрмін. Жалпы кез келген жас маман ауылға жұмысқа келуге қорықпау керек, – дейді жас маман.
Ауылда еңбек етіп жүргеннің маманның бірі – Хасен Испаев. Индустриалды-педагогикалық колледжінен кейін ол Академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінде дене шынықтыру мамандығын бітірген.
– Мәдениет үйінде қосымша жаттықтырушымын. Ауыл жастары мен оқушыларды дайындаймыз. Жарыстарға шығамыз. Арқада жастар мен ересектер командасы бар, аудандар арасында өткен жарыстардан бірінші, екінші орындар аламыз. Кейде Қамысты ауданының атынан Қостанайда өтетін додаларға қатысамыз. Біздің демеушіміз ауыл әкімі – Төлеген Досмұхамедов, – дейді Хасен Испаев.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Бағдат АХМЕТБЕКОВ
Мероприятие стало настоящим праздником спорта, где каждый участник проявил не только физическую подготовку, но и…
Вниманию абонентов г. Житикара, г. Лисаковск, г.Аркалык! (далее…)
В селе Буревестник в КХ «Газе Ю.А.» Камран Оджахвердиев нашел свою вторую Родину. (далее…)
В наше время невозможно построить динамично развивающий процветающий бизнес без телефонной связи с партнерами и…
С момента прихода большой воды прошло 9 месяцев. (далее…)
Сақтық шаралары қамтылуды (далее…)
This website uses cookies.