Қамысты ауданының тұрғындары үшін Жеңіс күні қарсаңында көптен күткен қоғамдық монша ашылып, ел игілігіне берілді. Бес жыл бойы қаңырап бос тұрған бұрынғы монша ғимараты 6,5 миллион теңгеге қалпына келтірілді.Ауыл тұрғындарының сұранысынан туындаған монша құрылысына 6 млн теңге жұмсалды. Бір мезгілде 20 адамды қабылдау мүмкіндігі бар нысан сенбі, жексенбі күндері жұмыс жасайды.

Қоғамдық моншаның киінетін, жуынатын, бу бөлмелері арнайы санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жабдықталған. Моншаға түсу бағасы ересектерге 1500 теңге, зейнеткерлерге 1000, балаларға 800 теңге болып белгіленген.

– Ғимараттың демалу бөлмесінің қабырғалары сыланып, сырланды. Онда шкафтар, үстелдер, кептіріну, жарықшамдар орнатылады. Үшінші – жуыну бөлмесі. Қабырғалары мен еденіне керамикалық плиталар төселінді. Жарықшамдар орнатылып, раковиналар қойылды. Ыстық және суық су, суағар, бу құбыры өткізілді. Одан бөлек, сыртқы жұмыстар: құбырларды орау, желдету жүйесі мен сымдарды жаңартылды.
Моншаның бесінші бөлігіне цинктелген материалмен төбесі жаңартылады, қабырғаларды сылау-бояу, 38 электр қосу-ажырату қорапшаларын орнату жұмыстары орындалып, 20 жиһазбен жабдықталды. Әлеуметтік нысанның жалпы ауданы 336 шаршы метрді құрайды, – деді Қамысты селолық округінің әкімі Бейбіт Меңдәулетов.

Жаңадан бой көтерген нысанның ашылу салтанатында аудан әкімі Ерлан Жаулыбаев, ел ағалары Ерболат Бекмұхамедов, Жұматай Кәрімов, «Қайрат» ПКФ» ЖШС директоры Төремұрат Өтепов аудан тұрғындарын мерекелерімен құттықтап, жүрекжарды лебіздерін жеткізді.
Әлеуметтік маңызы зор нысанның қолданысқа енгізілуі 3 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беріп отыр. Монша жанында жұртшылық сұранысын қамтамасыз ету мақсатында жыл соңына дейін шағын дәмхана секілді қосалқы қызмет көрсету түрлері де жоспарланған.
Қазіргі уақытта қоғамдық нысанды «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасына енгізу үшін құжаттары әзірлену үстінде. Алдағы уақытта қоғамдық монша жеке кәсіпкер Гүлсім Оралбаеваның меншігіне берілмек.

Айта кету керек, өткен жылы әлеуметтік нысанның қажеттілігі қамыстылықтардың өтінішінен туындаған болатын.

«Аудан орталығына қоғамдық монша ауадай қажет-тін. Шешімін тапқанына қуаныштымыз. Жан тазалығы, иман тазалығы жуынудан басталады. Өйткені көбіне жеке үйлердің моншасын, тіпті кейбіреулері көрші аудандарға барушы еді. енді алысқа бармайтын болды. Бағасы да қолжетімді. Монша іші жылы, жарық. Барлық санитарлық талаптар ескерілген», – дейді ауыл тұрғыны Ақбидай Жеңісхан.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

«Путь к истокам»: победителей викторины по истории Костанайского района наградили дипломами и призами

На все вопросы правильно ответили ученики ОШ им. Ыбырая Алтынсарина и школы-гимназии города Тобыл. Об…

5 часов назад

Полицейские Наурзумского района с наступлением весеннего сезона охоты напоминают о правилах отстрела дичи

С 12 апреля на территории Костанайской области начался сезон весенней охоты на водоплавающую дичь. (далее…)

7 часов назад

«Таза Қазақстан» в Камыстинском районе: как жители улучшают экологию?

Проведение субботников в селах - одна из действенных мер в наведении порядка и чистоты. (далее…)

7 часов назад

По мнению жительницы села Денисовка Галины Харченко, наблюдается тенденция привлечения к чтению

Более 40 лет Галина Леонидовна обучала математике учащихся Денисовской средней школы №1. А сейчас, будучи…

11 часов назад

А белолобый летит над Казахстаном вольготно…

С 19 апреля по 4 мая в Костанайской области открыта охота на водоплавающую птицу. -…

3 дня назад