Қамыстыда қар тазалауға 6,2 млн бөлінді

Биыл Қамысты селосының өзіне қар тазалау үшін 6,2 млн теңгеге жуық қаржы бөлінсе, аудан аумағындағы ауыларалық жолдарға бөлек қарастырылған.

Бірақ, мамандардың айтуынша биыл қыс жайлы, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда түскен қар аз. Бірақ, соңғы екі күннің ішінде көшелерді ақ көрпеге ораған.

Бұл күндері 20 қоғамдық жұмыскер мен үш техника шығып, аудан орталығының көшелерін қардан аршуда.

Қамысты селосы көшелерінің бойында таңнан кешке дейін қызу тірлік. Мұнда мамандар күніге шығып көшені ақ ұлпадан тазартады. Негізгі, жұмыс таңғы сағат 9-дан кешкі 18.30-ға дейін жүргізіледі екен.

-Қыстың қар мол жауған күндері мердігерлер таңғы алтыдан бастап іске кіріседі. Тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы болу үшін күнұзаққа көшеде жүреді. Осылай 3 трактор шығып тазалайды. Қар қалың түскен кезде түнгі 11-ге дейін жұмыста болады,- Қамысты ауылдық округі әкімінің аппараты сектор меңгерушісі Әмір Иткузов.

Атқарылып жатқан шаруаға ауыл тұрғындары да разы. Кез келген уақытта діттеген жерге кедергісіз жете аламыз дейді.

–Жолдар үнемі тазаланып тұрады. Мысалы, екі күн қатарынан түнде қар жауды. Ал таңертең көшеде тракторлар зулап, жолдағы ақ ұлпаны тазалап жүр, – дейді аудан тұрғыны Ақбидай Жеңісхан.

Биыл Қамысты селосының бір өзіне қар тазалау жұмыстарын жүргізуге 6,2 млн теңге қаржы бөлініпті. Бұл жылдың аяғына дейін. Яғни, қаңтар, ақпан, наурыз. Және қосымша қараша, желтоқсан айы да бар. Әзірге қаражат жетеді, бірақ жетпей жатса, тағы қосымша бөлінеді.

– Мұнда қаңтар айынан бастап қар көп түсе бастады. Бүгінгі күні Қамысты селосы бойынша 3 техника жұмыс істейді. Селода барлығы 45 көше бар. Қазір қар тазалау жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр, – дейді Әмір Иткузов.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1