Қамысты ауданына үш жас маман келді

 Қамысты ауданында денсаулық сақтау жүйесінде 18 дәрігер, 68 орта медициналық персонал мамандары жұмыс істейді. 2023 жылы аймаққа 5 дәрігер педиатр, анестезиолог-реаниматолог, акушер-гинеколог, эпидемиолог және жалпы практика дәрігері келді.

-2024 жылы 1 жалпы практика дәрігері мен 3 орта медицина персоналының мамандары келді. Олар Клочков орта мектебінің медбикесі болып жұмысқа қабылданды, екіншісі аудандық емхананың аға медбикесі, тағы бірі күндізгі стационардың медбикесі. Сондай-ақ, аудандық орталық аурухана ғимаратына 130 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ауылдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту мақсатында Алтынсарин, Арқа, Бестөбе ауылдарында үлгілік ФАП-тарды салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде, – дейді Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев.

Халықтың өмір сүру сапасының маңызды көрсеткіші денсаулық сақтау жүйесінің деңгейі және медициналық қызметтердің сапасы болып табылады. Туу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 13,2%-ға төмендеді. Өткен жылы – 94 бала дүниеге келді. Бұл көрсеткіш жүкті әйелдердің қалада босануымен байланысты болып отыр.

Жалпы кісі өлімі көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 11,3%-ға төмендеді. 2024 жылы – 43 бала дүниеге келді. Биылғы жылы ана мен бала өлімі тіркелген жоқ.

Қазір аудан, ауылдарда ауыл шаруашылығы, мұғалім, дәрігер мамандар тапшы. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында ашық есік, форумдар өткізілуде. Қамыстыда жас мамандарды ауылға тарту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Биыл үш медицина қызметкері еңбек жолын ауылдан бастамаққа келіп отыр.

-Жас ұрпақ өкілдері, мамандық алып, болашақта өз тағдырларыңызды туған өлкемен байланыстырғанын қалаймын. Туған жері – Қамысты өлкесін мақтан етіп, туған өлкеге пайдаларыңыз тисе деймін. Ауданымыздың гүлденуі үшін бәрі бар: жер, инфрақұрылым. Ал бүгін бізде жаңа кәсіпорындар ашылып, жұмыс орындары мен жақсы өмір сүру жағдайлары жасалуда. Барлығыңыз білетіндей, ауданға газ тартылған, қазіргі уақытта Қамысты, Алтынсарин ауылдары көгілдір отынмен қамтылған. Адаев, Бестөбе ауылдарын газдандыру жұмыстары жүргізілуде, болашақта Ливанов, Қарабатыр, Арқа ауылдарына көгілдір отын жеткізу жоспарымызда тұр. Мұның сыртында, Бестөбе жер асты суларының кен орнынан Адаев, Бестөбе, Қарабатыр ауылдарын тұщы сумен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде», – деді аудан әкімі Ерлан Жаулыбаев.

Қамысты ауданының орталығындағы бос тұрған бұрынғы қонақ үй ғимаратын тұрғын үй ретінде қайта жаңарту жұмыстары аяқталуға таяу. Көппәтерлі тұрғын үй 16 пәтерлі тұрғын үйге айналмақ. Бұл баспана алдағы уақытта ауданға келген жас мамандарға беріледі.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31