Қамысты ауданына қарасты 17 елді мекеннің 14-інде интернет желісі қолжетімді.
Өткен жылы «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында Аралкөл, Орқаш, Дружба ауылдарында антенна-діңгек құрылғыларын орнату басталған болатын. Бүгінде Орқаш ауылы интернетке қосылып үлгерді. Ал Дружба ауылында желіні іске қосу 2025 жылдың мамыр айына жоспарланып отыр. Бұл туралы Қамысты ауданы әкімінің орынбасары Сәкен Сейдалиннен сұрап білдік.
Әкім орынбасарының айтуынша, Аралкөл ауылында жобаның қуаттылығы жоғары болғандықтан, құрылыс кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Жоспарға сәйкес, аталған жұмыстар 2025 жылы толық аяқталады. Жалпы, аудан бойынша интернетпен қамту деңгейі 76%-ға жетті.
Интернет желісі қосылған Орқаш ауылында байланыс тұрақты жұмыс істеп тұр. Жергілікті тұрғындар да бұл өзгерісті оң бағалауда.
— Интернет келгелі байланыс жақсарды, бұрынғыға қарағанда әлдеқайда тұрақты, – дейді Орқаш ауылының тұрғыны Мейрамкүл Бермұхамедова.
Ал Дружба ауылында антенна орнатылғанымен, құрылғыларды қосу жұмыстары қалған. Бұл жұмыстар мамыр айына жоспарланған.
— Әзірге мектепте және әкімдікте интернет бар. Әкімдікте ACTEL тарелкасы орнатылып, тегін Wi-Fi қосылған. Ал мектепте Starlink жүйесі жұмыс істеп тұр. Кейде техникалық ақаулар кездескенімен, мамандар дереу жөндеп береді. Ауыл тұрғындары интернеттің іске қосылуын тағатсыздана күтіп отыр. Діңгекті антенна толық іске қосылса, байланыс сапасы жақсарады, – дейді Дружба ауылының әкімі Сәуле Бейсенқұлова.
Айта кетейік, Қостанай облысы бойынша 2023 жылы ірі байланыс операторларымен 161 ауылды 4G мобильді интернетімен қамтамасыз ету туралы меморандумға қол қойылған болатын. Сол жоспар аясында биыл 50 ауылда антенна-діңгек құрылғылары орнатылып жатыр. Бұл жобаға 1 миллиард теңге инвестиция құйылған. Алдағы екі жыл ішінде осы жұмыстарды жалғастыру көзделіп отыр.
— Кезең-кезеңімен атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде 4G желісі 2026 жылдың соңына қарай облыстың барлық елді мекендерінде қолжетімді болады, – деген еді өткен жылды қорытындылаған брифингте облыс әкімі Құмар Ақсақалов.
Ауыл-аймақта интернет желісінің кеңеюі – білім, кәсіпкерлік, мемлекеттік қызметтер және өзге де салалар үшін аса маңызды. Жобаның толық аяқталуы өңірдегі цифрлық теңсіздікті жоюға айтарлықтай ықпал етпек.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Домостроительный комбинат – один из знаковых проектов по развитию строительной промышленности РК за последние десять…
Спартакиада была посвящена 30-летию со дня принятия Конституции Республики Казахстан. (далее…)
Алғыс айту парызым (далее…)
Знаковое событие прошло в селе Харьковское. (далее…)
Сославшись на данные Казгидромета, сотрудники управления информируют сельхозтоваропроизводителей, что высота снежного покрова на текущий период…
В этом заверил руководитель управления сельского хозяйства Костанайской области Ибрагим Бекмухамедов. (далее…)
This website uses cookies.