Биыл 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы барлық емхана, ауруханаларда пациенттерді Face ID жүйесі арқылы қабылдау басталады.
Мақсаты – жалған медициналық қызметтерді анықтау. Қамысты аудандық ауруханада бұл бағдарлама биылғы жылдың 10 қаңтарынан бастап жұмыс істей тұр. Бүгінде аудандық ауруханада 22 веб камера орнатылған.
Аурухана қызметкерлері жаңа құрылғының қолданылуында ешқандай қиындық жоқ екенін айтады. Керісінше, бұл жаңашылдық жұмыс үдерісін жеңілдеткен. Адамның бет-бейнесін сәйкестендіру кезінде дәрігердің мониторында науқас туралы толық ақпарат: аты-жөні, тегі, сондай-ақ медициналық деректер қорына тіркелген жеке сәйкестендіру нөмірі көрінеді.
– Науқас дәрігер кабинетінде нақты бар екенін Face ID сәйкестендіру бағдарламасы арқылы дәлелдеуі керек. Бұл жаңашылдық жалған жазбалармен күресу үшін енгізілуде. Дәрігер қабылдауында әр пациент бейнекамера арқылы тексеруден өтеді. Пациент мемлекеттік деректер базасымен тексерілгеннен кейін ғана медициналық қызмет көрсетіледі. Бұл процедура қатаң түрде құпия болып табылады, яғни пациенттің жариялауды қаламайтын ақпараттары сыртқа шықпайды,- дейді Қамысты аудандық аурухананың емхана бөлімшесінің меңгерушісі Айкүн Құланбаева.
Бұл не үшін қажет? Мәселен, бір ғана мысал, Қостанай қаласының тұрғыны Ақкүміс Айдархановаға «хирург дәрігердің қабылдауында болдыңыз» деген хабарлама келген. Бірақ оның хирургтің алдына бармағына бір жылдан асқан. Міне, осындай фактілердің алдын алуы үшін қажет екен. Жалпы, осы жүйені асырғанға дейін Ақкүміс сияқты шағымданушылардың саны артқан. Өйткені елде осындай 23 мың жалған дерек анықталған. Салдарынан бюджетке 208 млн теңге шығын келіпті. Енді осы олқылықты жою үшін бейнебақылау жүйесі барлық өңірлерге енгізілді.
Айкүн Құланбаеваның айтуынша, Face ID жүйесі арқылы сәйкестендіру кезінде алынған код немесе пациенттің фотосуреті тек 30 секунд бойы жарамды болады. Яғни пациент нақты дәрігер қабылдауында болғанын растап, фотосуретке түсіріледі, код оқылады, сәйкестендіру өтеді. Осыдан кейін код жарамсыз болады, фотосуреттер еш жерде сақталмайды. Дәрігердің терезесі ашылады, әрі қарай қабылдау басталады.
«Цифрлық сәйкестендіру» жүйесі бойынша азаматтар екі нұсқаны таңдай алады. Біріншісі, eGov mobile қосымшасы арқылы телефонға келген алты таңбалы санды дәрігерге хабарлау керек. Я болмаса, Face ID яғни дәрігердің алдындағы веб-камераға қарап, қабылдауды растайсыз. 6 таңбалы код та, фотосурет те жүйеде сақталмай, бірден жойылады.
Осылайша мамандар жалған қабылдауларды жойып, азаматтың жеке дерегін толтыруға кететін уақытты үнемдемек. Ал оның тұрғындарға пайдасы тиіп жатыр ма?
-Қазір мен дәрігер терапевтің қабылдауына келіп отырмын. 15 минуттан, бәрі жақсы. Қабылдап жатыр. Көп уақыт алмайды. Камераға қарайсың, бірнеше секундта сенің мәліметтерің шыға келеді. Бәрі ыңғайлы, – дейді Қамысты ауданының тұрғыны Ақбидай Жеңісхан.
Десе де интернет титықтап, жүйенің жұмыс істемей қалатын кезі бар. Дәрігерлердің айтуынша, мұндайда әдеттегі дәстүрлі форматқа көшеді екен.
-Егер интернет істемесе мысалы, цифрлық ақпараттық жүйе «Damumed» ол істемейді. Сондықтан біз қолмен жұмыс енгіземіз, қабылдаймыз пациенттерді. Сосын база істегенде кодпен қабылдаймыз, – дейді Айкүн Құланбаев.
Мұнан бөлек, ауруханада тегін дәрілік препараттарды беру Q код арқылы әлеуметтік әмиян арқылы жүзеге асырылады. Жыл басынан бері үш жүзге жуық қамыстылық рецеп бойынша дәрі алған.
Жақын арада әлеуметтік әмиян қағаз рецептілерді ауыстырады, сондықтан жеңілдікпен дәрілер алатын азаматтар Egov.Kz бағдарламасын смартфондарына міндетті түрде ие орнатуы қажет. Мамандар, бұл жаңашылдықтар азаматтарға медициналық қызметтерге қолжетімділікті арттыруға, сондай-ақ деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі дейді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
В Наурзумском районе планируют засеять около 270 тысячи гектаров посевной площади. (далее…)
31 наурызда Сарыкөл ауданының көмек алаңы кеңсесінде «Жанашыр бол» қоғамдық қорының өкілі Жасгүл Тоғжанова пробация…
«Больше местных сладостей и новых рабочих мест для своих», - под таким девизом прошла поездка…
В последний день священного месяца Рамадан семья Митаевых из села Новонежинка совершила благородный поступок –…
В День национальных видов спорта сотрудники ГУ «Отдел физической культуры и спорта Наурзумского района» организовали…
Ырым-тыйым құндылықтары (далее…)
This website uses cookies.