Алматыдан Торғай өңіріне 41 киіз үй жөнелтілді

Басыңа іс түссе, жақсы көмек етеді, жаман күліп кетеді. Қоғамның қолдауы осындай кезде байқалады.

Торғай жерінде су тасқыны басталған кезден бастап, Жангелдин ауданына, блогер Жансерік Қадырбаев пен әнші Ернар Садирбаев (Amre) келіп, табиғи апаттан зардап шеккен адамдармен кездесіп кетті. Содан кейін блогер өзінің парақшасында оқырмандарымен бірге 1 күн ішінде 44 миллион теңге жинады.

– Небәрі 1 тәуліктен аса уақыт ішінде кеңпейілділікпен, мейрімді жүрекпен оқырмандардың бастауымен, барша қазақ елінің қолдауымен осындай қаржы жиналды. Алматы қаласынан 20 тоннадық бір фураға 41 киіз үй салдық. Өздеріңіз білетіндей, қазір адамдар баспаналарынан айырылды. Ата-бабаларымыз мекен еткен осындай шаңырақ ауадай қажет. Себебі, адамдар мектептер де, басқа адамдардың үйінде өмір сүріп жатыр, – дейді Жансерік Қадырбаев.

Оған қоса Астана қаласынан екінші фура жіберілді. Оның ішінде азық-түлік, көрпе-төсек, киім-кешек, гигиеналық заттар, генератор, урлемелі қайықтар, обогреватель сынды қазір керек болатын заттар бар.

– 20 тонналық 2 фуррадан басқа, оған қоса салоннан жап-жаңа ГАЗель алды. Адам таситын көлік керек, сондықтан Торғай өңірінің жұртшылығының керегіне жарасын деген оймен сатып алған жайымыз бар. Ал енді, жағдай тұрақталғаннан кейін бұл ГАЗельді не істейді деген сұрақ туындайтын шығар. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атамыздың ауылындағы халықтың еншісінде болады, – дейді блогер.

Тағы айта кететін жайт, 4 миллионнан аса қаражат қалған еді, оны 5 миллион қылып, «Asar Ume» республикалық қайырымдылық қорына берді. Ол ақша Атырау облысы, Құлсары ауданына жіберіледі.

Аяжан СЕРІК,

сурет парақшадан алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В течение недели решится вопрос о плате за проезд по дороге Костанай — Рудный

Об этом на брифинге сообщил директор Костанайского областного филиала АО “НК “ҚазАвтоЖол” Андрей Горват.  Об…

2 дня назад

Бірлік күні Сарыкөл төрінде де өз сән-салтанатымен аталып өтілді

Биылғы мереке былтырғыдан өзгерек форматта өтті (далее…)

3 дня назад

Денисов тұрғыны Маргарита Николаенко қазақ тілін өз бетімен үйреніп алды

Денисов ауданының орталығындағы балалар кітапханасында жұмыс істейтін Маргарита Николаенко есімді кітапханашы бар. Ол қазақ тілінде…

3 дня назад