Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры актерларының шебер сомдаған қойылымына сарыкөлдіктер тәнті болып, орындарынан тік тұрып, қошемет көрсетті
Ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойына арналған туындының авторы – Өткен Ахмет болса, ал қоюшы режиссері – Қуандық Қасым.
Спектакльде Алаш көсемі, Ұлт жолында өлшеусіз қызмет еткен Ахмет Байтұрсынұлының ел мен жер үшін еткен жанкешті еңбегі, қазақ халқының болашағы жолындағы ерлігі суреттеледі. Сондай-ақ, тағдыр қанша тауқымет арқалатса да, адал жар, ақ махаббатын сатпаған асыл жан, Алаш көсемі Ахаңның жары, аяулы Александра–Бәдрисафаның ғұмыры мен екеуінің арасындағы кіршіксіз махаббат, бір-біріне деген құрмет-ықыластары паш етілді.
– Бүгін өте бір ерекше рухани кеш болды. Жүрек қылын шерткен қойылымда Ахмет Байтұрсынұлы мен жары Бәдрисафаның арасындағы шынайы сезімі, ұлт ұстазының елге деген ілтипаты ерекше сомдалған. Өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге беретін ғажап туынды, – дейді Соналы ауылынан арнайы келген тұрғын Биғайша Магиева.
Спектакль соңында аудан әкімінің орынбасары Дастан Әбжамалов қонақтарға ризашылық білдіріп, театр ұжымына шығармашылық табыстар тіледі.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Лист, подтверждающий временную нетрудоспособность, с января текущего года был переведён в электронный формат. (далее…)
Герой Социалистического Труда Николай Семёнов шёл по жизни с утверждением, что движение, как и хлеб,…
Об этом на брифинге сообщил директор Костанайского областного филиала АО “НК “ҚазАвтоЖол” Андрей Горват. Об…
Арендаторы передают неиспользуемые ими участки в фонд государства. (далее…)
Биылғы мереке былтырғыдан өзгерек форматта өтті (далее…)
This website uses cookies.