Қаламыздағы білім ордасына Ахмет Бірімжановтың есімі берілді

Қостанайдағы №115 жалпы білім беретін мектепке қоғам қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі Ахмет Бірімжановтың есімі берілді. Қуанышты хабарды мектеп ұжымы көптен күткенін айтады

Осыған орай мектеп оқушыларына Ахмет Бірімжановтың есімін жақын таныстыру мақсатында мектеп оқушыларына арналған сынып сағаттары өткізіліп. Қоғам қайраткерінің өмірі мен қызметі туралы кеңінен ақпарат берілді.

Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 22 қарашадағы қаулысымен “Қостанай қаласының №115 жалпы білім беретін мектебі” КММ “Қостанай қаласының білім бөлімінің Ахмет Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектебі” КММ болып өзгертілді заңды түрде өзгертілгенін қалалық білім беру бөлімі де растады.
Тарихқа бет бұратын болсақ Ахмет Бірімжанов қоғам қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, I, II Мемлекеттік Дума мүшесі, заңгер. Тарихта есімі қалған жандарды бүгінгі жас ұрпаққа жақын таныстыру ұлттық құндылығымызды қайта жаңғырту болып табылады.

Жан ШАЙМЕРДЕН


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 6