Қаламгерлермен мұражайдағы кездесу

Онда қос әріптесіміз шығармашылықтары жайлы әңгімеледі

Таяуда облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық мұражайындағы «Шашу» деп аталатын қонақжайында республикалық «24 кз» телеарнасының өңірдегі меншікті тілшісі Абылай Мауданов және көпке танымал журналист, әнші, облыстық «Қостанай таңы» газетінің қызметкері Қыдырбек Қиысханның әдеби-сазды кеші болып өтті.

Бұл рухани басқосуға есімдері Қазақстанға белгілі жазушылар Кешке ақын-жазушылар Ғұмар Ахметчин, Нағашыбай Мұқатов және Абылай Маудановтың ата-анасы,  Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттері, мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.

Дарынды ақын Абылай Мауданов    жүрек жарды «Құс құдіреті» өлеңің оқып,  «Сары дәптер», «Көкалатым киелім», «Өр Торғай-Ерлік мекені»  деп аталатын кітаптары жайлы айтып берді.

Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының әртісі Нұрлыбек Кенжеахметов Абылай Маудановтың  «Агая» жәнк «Ағай-ай» секілді әңгімесін мәнерлеп оқып, жүректерге жеткізді.

Сонымен қатар Қазақстанға белгілі қаламгер, республикалық ән байқауларында облыстың абырой-беделін көтеріп жүрген Қыдырбек Қиысхан өзінің өмір жолына тоқтала келіп, репертуарындағы «Балқадиша» және  «Мухида- Шайбан» деп аталатын көпшіліктің ерекше ықыласпен тындайтын халық әндерін орындады.

Кездесу барысында студенттер қауымы қаламгерлерге көкейлерінде жүрген сауалдар қойып, нақты жауап алды. Мұражай қызметкерлерінің жан-жақты дайындығымен өткен басқосу барлық жиналғандарға ерекше әсер қалдырды.

Оразалы Жақсанов

Сурет мұражайдан алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 3