Аймағымыздың оңтүстігінде бірқазан көп
Биыл Жанкелдин ауданына қарасты Ақкөл ауылында бірқазан ерекше көп. Оны мына бейнебаяннан көруге болады.
Видеоны түсірген жергілікті ауыл тұрғыны. Бұл Ақкөл ауылынан 6-7 шақырымдай жердегі өзектегі көрініс. Өздеріңіз көріп отырғандай, қызыл кітапқа енген қанаттылар балық аулап жүр.
Экологтардың айтуынша, бірқазандардың саны бірте-бірте кеміп бара жатыр. Қазақстанда бұрын кең таралған болатын, қазір оның оңашаланған ұялары Торғай ойпатындағы көлдерде, Наурызым қорығында, Балқаш көлінде және Іле, Тентек, Қара Ертіс өзендерінің атырауларында сақталған.
Нулы қамысты көлдерді мекендейді. Қазақстанда тіршілік ететіндері 8 мыңдай.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
Просмотров: 4