Ақшығынақ ауылында жер асты суына зарарсыздандыру жұмыстары жасалды

Тас  құдықтаға таза ауызсудан келер қауіп жоқ

Соңғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Ақшығанақ ауылдық округі бойынша жалпы халық саны 834 адам құрап отыр.  Ауыл тұрғындары мал шаруашылығы бағытында кәсіптерін дөңгелетіп, мемлекеттік бағдарламалар қатысып, шаруашылықтарын бір жүйелі жолға қойған. Ауыл тұрғындарын толғандырып отырған жол мәселесі өткен жылы қолға алынып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген еді. Бірақ, көпке ұзамай сапасы сын көтермей қойды. Бұл жөнінде нақты шаралар қайта қолға алынады деп күтілуде. Елдің құтын қашырған табиғи апат кезінде Ақышығанақ және Түйемойнақ ауылындағы тас құдықтардарға лас су құйылып, таза ауызсуды жарамсыз қылып тастаған еді. Соның салдарынан ауыл халқы біраз уақыт гуманитарлық көмекпен келген 5 литрлік суларды үнемдеп пайдаланды. Ауыл әкімшілігінің балансында 3 құдық бар. Өткен жолы ауыл халқы бірігіп, лас суды тазалап, зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Енді ауылдық ағайындар жер асты суын ауызсу ретінде пайдаланып іше алады. Одан келер ешқандай қауіп жоқ.

– Тасқын судың салдарынан ауызсу мәселесі қиындап кеткені рас. Бірақ, ел болып, қарекет жасап, тас құдықтарды тазаладық. Қажетті мөлшердегі дәрі-дәрмектер арқылы зарарсыздандыру жұмыстарын жасап, қайта қалыпқа келтіріп алдық. Сол су тасқыны кезінде ауылдағы электр жарығыда сөніп қалды. 2018 жылы пайдалануға берілген таза ауызсу құбыры жарық болмағандықтан істен шықты. Бұл мәселемен аудандағы жауапты мекеме айналысып жатыр. Көп ұзамай іске қосылады деген үміттеміз. Негізі тұрғылықты халық жер асты суын көп пайдаланады. Қолымыздан келгенше осы құдықтарды күтіп ұстап отырамыз, – дейді ауыл әкімі Жарқын Сабыржан.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Журналиста Максима Сушко признали невиновным по делу о клевете в адрес акима п. Октябрьский

Дело прекращено за отсутствием состава правонарушения, сообщает "ТоболИнфо" (далее…)

2 дня назад

Наурзумцы получили долгожданный автомобиль скорой помощи

Новым санитарным автотранспортом с 2019 года оснащены уже 5 медицинских участков района. (далее…)

2 дня назад

Класс памяти о погибшем герое, который спас ребенка, открыли в Аулиекольском районе

Этот кабинет станет символом памяти и уважения к героическому поступку выпускника школы Салимбека Альденова, который…

2 дня назад

По какой причине перенесли зажжение главной елки в Костанае?

Изначально оно должно было пройти 21 декабря, затем его перенесли на 20 декабря, а вчера…

3 дня назад

Қамыстылықтар жаңа жыл мерекесіне қызу дайындық үстінде

Жаңа жыл қарсаңында жұрт туыстары мен достарына ерекше сыйлықтар жасауға тырысады. (далее…)

3 дня назад

This website uses cookies.