Жанкелдин ауданында мәдениет қызметкерлері “Көрісу күні” мерекесін мерекеледі

 Ілтипатқа толы ерекше күн

Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мәдениет үйі алаңында “Көрісу күні-Амал мерекесі” атты мерекелік шара өтті.Аудан әкімі, мекеме басшылары, ардагерлермен аудан тұрғындары мәдениет үйі қызметкерлері дайындаған шараны тамашалады. Әдемі көрініспен көрісу мерекесінің мән мағынасын үйлестіре отырып, мерекелік әнкүйлерін тарту етті.

Киіз үй тігіліп, таза ауада ыстық бауырсақ пісірген ұйымдастырушылар, қонақтарға наурыз көже мен ыстық бауырсақтарын ұсынды. Жиналған қонақтар арнайы дайындалған дастарханнан дәм татып үлкендер ақ батасын беріп, жастар домбырамен ән салды.Мерекелік шараға жиналған қауым көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 4