Қожа ауылында “Зейіңді, Жансая” атауымен кездесу өтті

 2024 жылдың ақпан айынан өңірімізде алғаш рет «#ОқыЖәнеЖең» онлайн байқауы басталған болатын. Бұл байқау Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен халықтың кітап оқу мәдениетін дамыту мақсатында өткізілуде. Биылда бұл байқау өз жалғасын табуда. Сонымен қатар, қатысушы оқырмандар саныда артып келеді. Осы байқауға ауданымыздан да қатысып, ақтық сыңға дейін жетіп жүлделі болған оқырмандарда бар. Солардың ішінде 2-ші облыстық «ОқыЖәнеЖең» онлайн кітап оқу байқауында 10-14 жас санаттары аралығында 3 орын алған қожалық Жансая Сәлімгерейқызы жеңімпаз атанған еді.

Науырзым ауылдық кітапханасында Науырзым Жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Жансая Сәлемгерейқызымен «Зейінді, Жансая» атты кездесу өткен болатын.

– Бұл шараның мақсаты оқырмандардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оқуға құмарлықты ояту, кітап арқылы ой өрісті дамыту, рухани байлық арттыру және әлеуметтік желілер арқылы байқау туралы ақпарат таратып, көпшіліктің пікірін білу. Бүгінгі кездесуге ауыл әкімі Айгүл Күйекбаева, мәдениет қызметкерілері, ұстаздар және кітапханамыздың оқырмандары қатысты. Кездесу барысында Жансая өзінің кітапқа деген қызығушылығының қалай пайда болғаның айтып берді. Ол кітаптардың өмірдегі маңыздылығын, адамның рухани байлығы екенің айтып, өз ойымен бөлісті. Іс шарада ұстаздар Жансаяның іс-шараларға белсенді қатысатының және үздік оқушы екенің тілге тиек етті. Кеш соңында Жансая мен бірге сайысқа қатысқан оқырмандарымызға сыйлықтар мен мақтау қағаз берілді,- дейді Науырзым ауылдық кітапхананың кітапханашысы Сәуле Ерманова.

Бұндай байқаулар қазіргі таңда өте қажет. Осы байқау арқылы көпшіліктің көркем әдебиетті оқуға деген ынтасын, кітапқа деген құштарлығын арттырады. Үлкен-кішіні бөле-жармай, кітап оқитын зерделі қауымды толық қамтыған мұндай ауқымды байқау өз жалғасын таба берсін деген ниет бар.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны ұсынған кейіпкер


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1