Жанкелдин ауданы, Торғай мұражайлар кешенінің тарихи тағылымды көрмесі Елорда төрінде

 Ұлы тұлғаны ұлықтаған күн

Торғай мұражайлар кешенінің ұжымы Астана шаһарына барып, алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойы құрметіне «Қазақ рухын оятқан тұлға» атты көрме ұйымдастырды.

Сәні мен салтанаты келіскен тарихи көрмені тамашалауға келген көрермендер санында шек болмады. Оның сыртында ғалымдар, ақын жазушылар, қоғам қайраткерлері көрмедегі ұлы тұлғаның шығармаларымен танысты.

«Шалғай ауданнан келіп, Қостанай облысының атынан көрмені астаналықтарға ұсыну бақыты бұйырыпты. Міржақып атамыздың рухы жебеп, қолдасын. Көрмені көруге келген меймандарға Торғай жерінің тарихын насихаттап, айтып бердік. Бастарын шайқап, таңдайларын қағып, таңырқап кетті. Биыл Міржақып атамыздың 140 жылдық мерейтойы туған жерінде кең көлемде аталып өтіледі. Осы бастан дайындық жұмыстарын қамтып жатырмыз. Бұл көрме бастамасы. Алдағы жүйелі жоспарлар легі жүзеге асатын болады», – дейді мұражай директоры Гүлбану Сәрсекей.

Айтулы іс – шаралардың көшбасшысына айналған тарихи көрменің ашылуы өте жоғары деңгейде өтті. Міржақыптанушы ғалымдар, жазушылар көптеген тың деректерді ортаға салып, тұщымды ойларымен бөлісті.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 9