
Жанкелдин ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы байланысты жиын өтті
«Заң және тәртіп» жобасы аясында
Жангелдин ауданының әкімі Дінмұханбет Бидашевтың төрағалығымен, аудан әкімінің орынбасары, мекеме,кәсіпорын басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шеңберінде кездесу өтті.
Арқалық өңірі бойынша ауданаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы-іс қимыл бөлімінің басшысы Ғалым Алматов Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған заңнамаларға енгізілген реформалар,сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған тұлғаның еңбек құқығын қорғауға бағытталған өзгерістер жайлы баяндады. Сонымен қатар, Арқалық өңірі бойынша ауданаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Арсен Нұрсұлтан «Заң мен Тәртіп қағидаларын ұстану» жөнінде ақпарат берді.
Артынша, аудандық мәдениет үйінде 9 – 11 сынып оқушыларының басын қосып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде мардымды ақпараттарды тілге тиек етті. Сондай – ақ, арнайы дайындалған бейнероликті оқушылардың назарына ұсынды.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31