Жанкелдин ауданында әйел адамдар қолына күрек ұстап, қар тазалап жүр
Адал еңбек берекелі
Ауданда жұмыссыздар саны азайып келеді. Мерзімдік қоғамдық жұмысқа тартылған адамдар жаз айында көше тазалығына, қыс мезгілінде жаяу жүргіншілер жолын қардан тазалайды. Мен жұмысқа бара жатқан уақытта ылғи осы үш кісіні көремін. Өткен жолы Құлжановтар көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолын қардан тазалап жатыр екен. Енді бірде сабақтың ішіндегі қатып қалған қарды күрекпен ойып, күш салып жатыр. Қазақ халқында әйел адамдар үй жұмысымен айналысады деген тәлсім бар.
Бірақ, кешегі соғыс жылдарында елде қалған әйелдер қара жұмысқа жегілді. Ал, қазір егемендік. Әйел теңдігі мен құқығы қорғалған.
Осылай екен деп үйді отыруды қаламаған жаулықтылар, қара жұмысқа бел буып кірісіп жүр. Жалқаулықтың қамытын мықтап киген ер адамдарға үлгі.
“Қазір жұмыс талғайтын уақыт емес. Отбасын асырау керек. Қолымызға күрек ұстап қар аршып, адал еңбекпен напақамызды тауып жүрміз. Осығанда шүкіршілік етеміз. Бастысы денсаулығымыз жақсы болса болды. Қар аршу физикалық жұмыс. Біз күрек ұстап көше тазалауға еш арланбаймыз. Маңдай термен тапқан нан ас болады”,- дейді жұмысшы әйелдер.
” Еңбек түбі береке, болмаймыз жұртқа келеке” деген ұстаным олар үшін мызғымас қағида.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31