Жанкелдин ауданында әуесқой балықшылар арасында бәсекелестік артып келді
Шортанның салмағы 14 киллограм
Кәсіп қылам десеңіз өзен жағалап балық аулаңыз. Таза ауада серуендеп бір мезгіл бос уақытыңды тиімді пайдаланғыңыз келсе, мұз ойып, жұтпа салыңыз. Өткен жылы Тәуіш ауылында балықшылар арасында жарыс өтті. Ең үлкен балық алған адамдар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сол жарыста аудан тұрғыны Айдарбек Байгенжин 6 кг шортан алып, жеңімпаз атанған еді. Жыл сайын жалғасын табады деген балықшылар жарысы болмай жүр. Жаппай балық аулау кәсібі біздің ауданда жолға қойылмаған. Балықты аңсап жегісі келгендер өздері өзен жағалап, жұтпа салып, флажок құрады.
“Мен өзім балық аулауға аса құштар емеспін. Кейде балаларым балықты аңсағанда ау құрып, жұтпа саламын. Балаларымның несібесі шығар 14 кг шортан алдым. Мен өзім Көлқамыс ауылының тұрғынымын.” Сыма- К” шаруа қожалығында жұмыскермін. Арасында өзен жұтпа салып, бір уақыт таза ауада демаламын. Торғай жерінде ең үлкен балық алған мен мін”,- дейді Амандық Әбенов.
Сырттан келіп, балық аулайтын адамдарда жиі кездеседі. Олар арнайы рұқсатнамасы болмаса, аудан аумағынан балық аулауға шектеу қойылады.
“Аңшылық қорығына жатпайтын аймақтан балық аулауға рұқсат бар. Бірақ, бір адам тәулігіне 5 кг балық аулауға болады. Ауамен балық аулауға мүлдем болмайды. Қыста флажокпен, жазды жарқылдауықпен ғана аулауға рұқсат бар”,- дейді полиция бөлімі басшысының орынбасары Ермек Жарасбайұлы.
Осыдан төрт жыл бұрын қыс айында өзендегі балықтар қырылып, көктем айында өзен жағалауына шығып қалған еді. Сондықтан тисінше балық аулауға шектеу қойылмаса жақсы болар еді.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31