Сарыкөл ауданы Тәгіл ауылындағы мәдениет ошағы жөнделе ме?

Бұл тәгілдіктердің күн тәрбінде тұрған бірінші тақырыптың бірі

Осы аптада аудан әкімі Марат Шымырбеков Тәгіл ауылының халқымен кездесу өткізді.

Онда ауылдағы ескі ғимарат – мәдениет үйін жөндеу мәселесі талқыланды. Бұл тәгілдіктердің күн тәрбінде тұрған бірінші тақырыптың бірі. Олардың осы жылдағы алғашқы шағымы да осы болатын.

-Сіздердің шағымдарыңыз бойынша келіп отырмыз. Алдағы уақытта толғандырған қандай да сауалдарыңыз болса, маған келіп айтсаңыздар болады. Егер, кездескілеріңіз келсе күнде келуге дайынбыз осында, – деп жиынды бастады Марат Лесбекұлы.


Талқылау жиынына жергілікті тұрғындар, аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, аудандық мәслихат депутаттары және “Сатаев” ШҚ басшысы қатысты.

Кездесу кезінде сөз алған аудан басшысы тұрғындардың талап-тілектері ескерусіз қалмайтынын ескертіп, қолдағы мүмкіндікке қарай әркет жасайтындықтарын жеткізді. Осы орайда сөздің орайын тапқан ауыл кәсіпкері Баймырза Сатаев пен аудандық мәслихаттың депутаты Жауынбай Чистобаев жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қолдан келгенше көмектесетіндерін айтты. Жобаның негізгі бөлігін Баймырза Хаербекұлы қолға алатынын атап өтті.

Жалпы, жиын аясында айтылған шешімдер жоғары жақтан қолдау тапса, алдағы уақытта іске асырылып, қыруар жұмыстар атқарылмақ.

Руслан ӘЛКЕЕВ
Суреттерді түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 10