Жангелдин ауданына жаңа әкім тағайындалды
Аудан депутаттары қолдады
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов, аудандық мәслихаттың депутатарымен кездесіп, Жангелдин ауданы әкімі лауазымына Дінмұханбет Бидашевтің кандидатурасын ұсынды. Халық қалаулылары бірауыздан қолдап, сенім білдірді.
Дінмұхамед Серікұлы 1981 жылы Қостанай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келген. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін экономика және менеджмент мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданының қаржы басқармасы бюджет бөлімінің маманы болып бастаған.
2004 жылғы қыркүйектен бастап 2013 жылдың қарашасын қоса алғанға дейін Жангелдин ауданының экономика және қаржы бөлімінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2013 жылғы қарашадан бастап осы уақытқа дейін Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Дінмұханбет Серікұлы өзін сауатты басшы ретінде танытты, үлкен жұмыс тәжірибесі мен практикалық білімі бар, кәсіби шеберлік, біліктілік, қиын жағдайларда жедел бағдарлай білу сияқты қасиеттерге ие.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Суретті түсірген: автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31