Арқалықта мұз қалашығы салынды

Арқалық жұртшылығы биыл жөндеуден өткен орталық «Наурыз» алаңында Жаңа жылдық мұз қалашығының ашылу салтанатын тамашалады.

Жаңа реңкке енген дала сахнасындағы «Төрлет, Жаңа жыл!» атты жаңажылдық көріністе ертегі кейіпкерлері қызықты думан көрігін қыздырып, көпшіліктің қошемет-ықыласымен Аяз ата мен Ақшақар ортаға келді. Жиналған тұрғындарды жыл сайынғы мерекелік дәстүр – қаланың Жаңа жылдық бас шыршасының ашылуымен қала әкімі Әмірхан Асанов құттықтады.

Алаңда қала мекемелерімен ұжымдарының күшімен жыл он екі ай кейіпкерлерінің мұз мүсіндері соғылған. Шыршаны айналдыра сан сәулелі жарықшамдармен түрлі безендіру кейіптері орнатылған. Қатар орналасқан қос сырғанақ та балалардың шат-шадыман кейпіне толы.

-Қаламызда мұз қалашығының ашылғанына қуаныштымын. Енді күнде кешке қарай келіп сырғанақ тебетін боламыз. Біздің қаламызға сән береді, – дейді оқушы Ерболат.

Мұз қалашығының ашылу кешінде мерекеге жиналған қауым Жаңа жыл кейіпкерлерімен бірге шыршаны айналып би биледі. Мерекелік іс-шара одан әрі жастардың сауық-би кешіне ұласты.

Суреттерді түсірген – Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 10