Жанкелдин ауданындағы мәдениет саласының қызметкерлері байрақты бәсекеде жеңіске жетті

 Өнерпаздар бозкілемде белдесті

Жыл сайын дәстүрлі түде ұйымдастырылып келе жатқан «Өнер арланы – 2024» облыстық турнирі биыл Сарыкөл ауданында өтті.

Байрақты бәсекеге аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері қатысып, бозкілемде белдесіп, бақтарын сынады. Аталған облыстық турнирге 19 балуан келіп, қазақ күресінің көркін қыздырды. Доданы тамашалауға келген спорт сүйер жанкүйерлер қызықты сәтті мүлт жібермей, әркім өз жерлестеріне қолдау білдірді. Әр салмақ бойынша белдескен балуандар арасында жеңімпаздар анықталды. Біздің жерлестеріміздің дода да бәсі басым болып, жүлдемен елге оралды. 74 кг салмақ дәрежесінде белдескен Ұлан Топай барлық қарсыластарын тізе бүктіріп, жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. 74 кг салмақтан жоғары бәсекеде Батырлан Қазымның бағы жанып, жеңіс тұғырына көтерілді. Сонымен қатар, екі жеңімпаз жерлестеріміз 150 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталып, «Өнер арланы – 2024» белбеуінің иегерлері атанды.

«Біз үшін бұл дода сәтті өтті. Әр аудан қаладан келген өнер адамдары өздерінің спортқа деген құлшыныстарын аңғартты. Байрақты бәсеке жыл сайын ұйымдастырылып отырады. Денсаулықтың басты кепілі спорт. Сондықтан спорт саласына деген жігер жасымау керек. Бір жағынан қазақ күресінің деңгейі көтеріледі. Жарыста жеңіске жеткен әріптестерімді шын жүректен құттықтаймын. Әлі талай белестерді бағындырып, ауданымыздың абыройын асқақтатамыз», – дейді Мейрамбек Бейсенбек.

Бұл дода да Қалам – Қарасу ауылдық округінің клуб меңгерушісі Ерболат Дәуір қатысқаны үшін марапатталып, 20 мың теңге ақшалай сыйлыққа қол жеткізді.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ, Суретті түсірген: автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 3